«Сағатына 400 километр жылдамдықпен жүре алатын жылдам жолаушылар пойызы Жапонияда сынақтан өткізілу басталды. Сынақтан кейін жолаушылар тасымалының революциялық бағытына тағы да өзгерістермен толығатын болады» деп, inform.kz порталы СNN ақпарат агенттігіне сілтеме арқылы хабарлады.  

«ALFA-X» деп аталатын жүрдек пойыз үш жылдан кейін Жапонияда қолданысқа шығарылмақ. Пойыз Сендай мен Аомори қалаларының арасында сынақтан өткізілуі тиіс. Бұл аралық 280 километрді қамтиды екен. Шапшаң пойыз аптасына екі рет жүргізіліп отырады.

Жүргек пойыздар Жапонияның астанасы Токиода өтетін 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қарсаңында енгізуді жоспарлап отыр.

Жалпы, бұл сынақтардағы пойыздар қандай жылдамдықты көрсеткенімен, Жапония теміржол жүйесі әлем бойынша рекордты көрсеткішке ие болып қала бермек. 

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.