Ресейдің «Голос дети» байқауында шыққан дау әлі де жалғасын тауып келеді. Group-IB компаниясы байқауда жеңімпаз атанған Миккел Абрамоваға 300 абоненттен жаппай түскен 8 мыңнан астам дауысты анықтап отыр. Жолданған смс-тер «07 31:2019-04-26 22:47:31 деген текстермен түскен» деп, мәлімдеген компания қызметкерлері.
Атақты әнші Алусудың қызы Миккел Абрамова алтыншы жылғы өткізіліп отырған «Голос дети» ән жобасында – 1 миллион рубль, дебюттік ән жазуға сертификат жеңіп алған болатын. 56,5 пайыздық дауыс беру көрсеткіш көрсеткені ресейліктердің де күдігін тудырған еді. Тексерудің нәтижесінде жалған нәтиже орын алғаны анықталып отыр.
Алтыншы жылғы «Голос дети» ән жобасының қатысушысы қазақстандың Ержан Максим ресейлік жобада екінші орын алған болатын. Ол финалдық дауыс беруде 27,9 пайыздық көрсеткішке ие болған. 12 жасар жас әншіміз Ержан Максим байқаудың фавориті болған. Алайда, анықталғандай аяқтан шалу ісінің кесірінен екінші орын бұйырған болатын.
Тексерулердің қорытындысы бойынша Ресейдің «Бірінші арнасы» байқаудың финалдық нәтижесін жарамыз деп танып отыр. 24 мамыр күні Дмитри Нагиевтің жүргізуімен алтыншы жылғы «Голос дети» байқауында орын алған дауға қатысты арнайы санын «Бірінші арнаның» эфирінде көрсетпек. Өз кезегінде жүргізуші Дмитри Нагиев арнайы бағдарламада барлық сұрақтарға нүкте қоятын боламыз деп отыр.