Түркістан қаласында әскери кәсіп пен әскери қызметтің қоғамда беделін арттыру үшін көптеген жұмыстар атқарылуда.
— Әскери жиындардан өту сабақтарына жауынгерлер қалай тартылады?
— Әскери міндеттілер оқу-жаттығу, тексеру және арнайы әскери жиындарға шақырылады, сондай-ақ әскери даярлық бойынша сабақтарға тартылады.
Ұзақтығы екі айға дейінгі оқу-жаттығу жиындарына әскери міндеттілер бес жылда бір рет шақырылады.
Арнайы жиындар ұзақтығы үш айға дейін жүргізіледі.
— Әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандырудың жай-күйі қандай?
Мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерді, əскери оқу орындарының кадеттері мен курсанттарын қоспағанда, əскери қызметшілердің ақшалай ризығы ақшалай жабдықталымды (лауазымдық айлықақыны жəне əскери атағы бойынша айлықақыны), қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақыларды жəне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да үстемеақылар мен қосымша ақыларды қамтиды.
Мерзімді қызметтегі əскери қызметшілердің, əскери оқу орындарының кадеттері мен курсанттарының ақшалай ризығы (стипендиясы) лауазымдық айлықақыны ғана қамтиды.
Лауазымдық айлықақыны есептеу үшін қызмет өтіліне еңбек сіңірген жылдары, мемлекеттік қызметте болу уақыты, əскери қызметке кірер алдында соңғы мемлекеттік ұйымда басшылық лауазымдардағы немесе сəйкес мамандықтар бойынша лауазымдардағы жұмыс уақыты кіреді.
Келісімшарт бойынша əскери қызметшілердің лауазымдық айлық ақыларымен əскери атақтары бойынша айлық ақыларының мөлшері тиісті лауазымдардағы мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақыларының мөлшерінен жəне тиісті арнаулы атақтар мен сыныптық шендерге қосымша ақылар мөлшерінен төмендетілмей белгіленеді.
Əскери қызметшілерге ақшалай ризық дəлелсіз себептермен əскери қызметте болмаған Заңның тармақшаларында көзделген жағдайларда əскери емес лауазымдарда əскери қызмет өткерген, қамақта болған кезеңдерде, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда төленбейді.
Ақшалай ризықты, жəрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу тəртібін уəкілетті органдар белгілейді.
Әскери қызметшілердің әскери қызмет өткеру орнында немесе тұрғылықты жерінде әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер немесе оларда тиісті бөлімшелер, мамандар не арнайы жабдық болмаған кезде медициналық көрсетілімдер бойынша әскери қызметшілерге медициналық көмекті денсаулық сақтау субъектілері, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетеді.
Әскери қызметшілерге осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген медициналық көмекті көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде әскери қызметшілерге медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының шығындарын өтеу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға көзделген бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде жараланған, контузия, жарақат алған, мертіккен немесе ауырған әскери қызметшілер, құрылымында олар әскери қызметті өткеретін Қарулы Күштердің қаражаты есебінен санаториялық-курорттық емделуге жіберіледі.
Мерзімді қызметтің әскери қызметшілері және әскери оқу орындарының курсанттары медициналық көрсетілімдер болған кезде мемлекет есебінен санаториялық-курорттық емделумен қамтамасыз етіледі.
Әскери қызметшілер бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық мемлекеттік органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органдарының бірінші басшылары белгілейтін нормалар бойынша мынадай жағдайларда жауынгерлік кезекшілікті атқарған кезде, қарауылдағы қызметті атқарған кезде, тәуліктік нарядты атқарған кезде, далалық шығуларға (теңізге шығуларға) қатысқан кезде, орналасқан орындарда дауылға қарсы әзірлік кезіндегі іс-шараларды жүзеге асырған кезде, маяктарда вахтада тұрған кезде, суасты міндеттерін (жұмыстарын) орындаған кезде, парашютпен секірген кезде, күзету бойынша əскери эшелон, қарауыл құрамында барған жəне əскери жүкпен қабылдау орнына дейін жəне кері қайтқанда ілесіп жүрген кезде, әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде стационарлық емделуде (медициналық куәландыруда) болған кезде. гауптвахтаға жапқан кезде, бітімгершілік операцияға қатысқан кезде, сондай-ақ бітімгершілік операция жүргізу аймағына (ауданына) бару және кері қайту кезінде тамақтандырумен қамтамасыз етіледі.
Тамақтандыруды ұйымдастыру тəртібін уəкілетті органның басшысы айқындайды.
Уəкілетті орган айқындаған тəртіппен əскери қызметшілердің əскери қызметке, əскери жиындарға шақырылған, басқа жергілікті жерге, оның ішінде əскери бөлімнің немесе бөлімшенің құрамында жаңа қызмет орнына ауысқан, уəкілетті орган жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарына, басқа да білім беру ұйымдарына, оның ішінде шетелдік оқу орындарына оқуға жіберген, сондай-ақ үлгерімсіздігі, тəртіпсіздігі үшін, басқа да теріс себептермен немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберу жағдайларын қоспағанда, оқу бітіргеннен кейін, əскери-медициналық бөлімшелер Қазақстан Республикасының шегінде стационарлық емдеу орнына, оның ішінде əскери-дəрігерлік (ұшу) комиссиядан өту үшін жіберген жəне кері қайтқан, қызметтік іссапармен жол жүрген жəне кері қайтқан, оқу-жаттығуларға, далалық шығуға (теңізге шығуға), əскерлер парадтарына жол жүрген жəне кері қайтқан, төтенше жағдайларды жоюға қатысқан жəне кері қайтқан, ұрыс қимылдарына, төтенше немесе соғыс жағдайларында, сондай-ақ қарулы қақтығыстар жағдайларында міндеттерді орындауға қатысқан, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі бітімгершілік операцияларға қатысқан, терроризмге қарсы операцияларға қатысқан, əскери жүктерді, оның ішінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мəліметтерден тұратын құжаттарды, бұйымдарды жəне əскери жүктерді күзету жəне ілесіп жүру бойынша қарауыл құрамында қабылдау (тапсыру) орындарына дейін барған жəне кері қайтқан, əскери шақырылғандар, əскери міндеттілер бар командалармен, қамаққа алынған, ұсталған əскери қызметшілермен, əскери міндеттілермен, қаза тапқан (қайтыс болған) əскери қызметшінің мəйіті салынған табытпен жерлеу орнына дейін ілесіп жүрген жəне кері қайтқан жағдайларда, теміржол, автомобиль жəне ішкі су көлігімен мемлекет есебінен жол жүруге құқығы бар.
Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің уәкілетті органның басшысы айқындайтын тәртіппен әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүруге құқығы бар.
Курсанттарды, кадеттерді және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді қоспағанда, әскери қызметшілерге басқа жергілікті жерге жаңа қызмет орнына ауысқан кезде Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін ақша уәкілетті органның басшысы айқындайтын тәртіппен автомобиль жолының әрбір 20 километріне бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекет есебінен төленеді.
Курсанттарды, кадеттерді жəне əскерге шақыру бойынша əскери қызметшілерді қоспағанда, əскери қызметшілер 100 километрден астам қашықтықтағы басқа жергілікті жерге жаңа қызмет орнына (оның ішінде əскери бөлім (мекеме) немесе бөлімше құрамында) ауыстырылған кезде оларға əскери қызметшінің өзіне екі айлық ақшалай қаражат жəне əрбір отбасы мүшесіне жұбайына (зайыбына), сот шешімі негізінде бөлек тұратын, бұрынғы некеден (некелерден) (ерлі-зайыптылықтан) туған баланы (балаларды) қоспағанда, баласына (балаларына), оның ішінде ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің баласына (балаларына), сот шешімі негізінде бөлек тұратын, бұрынғы некеден (некелерден) (ерлі-зайыптылықтан) туған мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) қоспағанда, жасына қарамастан, ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің мүгедектігі бар баласына (мүгедектігі бар балаларына), оның ішінде бала кезінен мүгедектігі бар адамға (мүгедектігі бар адамдарға) бір айлық ақшалай қаражаттың жартысы мөлшерінде көтерме жəрдемақы төленеді.
Бұл ретте, егер ерлі-зайыптылардың екеуі де әскери қызметші болып табылса немесе олардың біреуі Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкері болып табылса, онда әрбір отбасы мүшесіне бір айлық ақшалай қаражаттың жартысы мөлшеріндегі отбасы мүшелеріне көтерме жәрдемақы уәкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайтын тәртіппен олардың біреуіне ғана төленеді.
— Әскери қызметшілерді және олардың отбасы мүшелерін тұрғынжаймен қамтамасыз ету талаптары қандай?
— Әскери қызметшілердің демалыстары қалай ұйымдастырылады?
— Келісімшарт бойынша əскери қызметшілерге екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жəрдемақы төлене отырып, жыл сайынғы негізгі демалыс беріледі, оның ұзақтығы еңбек сіңірген жылдарына қарай күнтізбелік есептеумен белгіленеді кемінде он жыл – 30 тəулік, он жылдан он бес жылға дейін – 35 тəулік, он бес жылдан жиырма жылға дейін – 40 тəулік, жиырма жəне одан көп жыл – 45 тəулік.
— Қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамының келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін әлеуметтік қамсыздандыру ерекшеліктеріне тоқтала кетсеңіз.
— Қатардағы және сержанттық құрамдардың әскери лауазымдарында күнтізбелік есептеуде кемінде сегіз жыл қызмет өткерген келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында ақылы негізде оқуға жұмсалатын шығындарын бюджет қаражаты есебінен оқыту құнының елу пайызы мөлшерінде өтетуге құқылы. Осы құқықты әскери қызметшілер бір рет пайдалана алады.
— Мерзімді қызметтегі əскери қызметшілерді, əскери оқу орындарының тəрбиеленушілерін, ұландарын, кадеттері мен курсанттарын əлеуметтік қамсыздандыру ерекшеліктері жайлы не айтар едіңіз?
— Әскери қызметшілердің жекелеген санаттарын қосымша әлеуметтік қамсыздандыру жақсы жолға қойылған ба?
Бітімгершілік операциядан қайтып оралғаннан кейін әскери қызметшілер құрылымында өздері әскери қызмет өткеретін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қаражаты есебінен кемінде күнтізбелік жеті күн, бірақ жиырма бір тәуліктен аспайтын мерзімге санаторий-курорттық емделуге жіберіледі.
— Әскери қызметтен шығарылған азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру бұл әскери кәсіптің беделін көтеруге ықпал етпи ма?
— Әскери қызметте болудың шекті жасына толуы бойынша, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметтен шығарылған, әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты ауру тапқан, сондай-ақ жиырма және одан көп еңбек сіңірген жылдары бар адамдарға мемлекет есебінен тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың бірінші басшыларымен келісу бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған аурулар тізбесі бойынша көрсеткіштері болған кезде – әскери-медициналық мекемелерде (ұйымдарда) медициналық қамтамасыз ету, ал жиырма бес және одан көп еңбек сіңірген жылдары барларға санаторийлік-курорттық емделу беріледі.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жүзеге асырады.
Осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдардың тұрғылықты жерінде әскери-медициналық мекемелер (ұйымдар, бөлімшелер) немесе оларда тиісті бөлімшелер, мамандар не арнайы жабдық болмаған кезде медициналық көрсетілімдер бойынша медициналық көмекті денсаулық сақтау субъектілері «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетеді.
Заңда көрсетілген медициналық көмекті көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады.
Әскери қызметтен шығарылған адамдардың (Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға байланысты, арнайы тексеруден бас тартқан кезде, теріс себептермен, аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметтік сəйкес келмеуі бойынша шығарылғандарды қоспағанда) Қазақстан Республикасының шегінде әскери есепке қойылатын жерге немесе таңдалған тұрғылықты жеріне теміржол, автомобиль және ішкі су көлігімен мемлекет есебінен жол жүруге құқығы бар.
Әскери қызметтен шығарылған адамдарға (мерзімді әскери қызметтен, Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға байланысты, арнайы тексеруден бас тартқан кезде, теріс себептермен, аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметтік сəйкес келмеуі бойынша шығарылғандарды қоспағанда) Қазақстан Республикасының шегінде өз мүлкін тасымалдау үшін ақша автомобиль жолының әрбір 20 километріне бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекет есебінен төленеді.
Осы тармақтың күші 2017 жылғы 13 маусымнан кейін әскери қызметтен шығарылған адамдарға қолданылады.
— Қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертіккен жағдайда әскери қызметшілерге өтемақы төлеу қалай жүзеге асады?
— Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет мiндеттерiн орындауға байланысты мертiккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүргiзiледi.
Әскери қызметшінің қаза табуына (қайтыс болуына) байланысты біржолғы ақшалай өтемақы оқиға болған күннен бастап үш жыл өткенге дейін төленеді және мүгедектіктің белгіленуіне байланысты бұрын төленген біржолғы ақшалай өтемақыға қарамастан жүзеге асырылады.
Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшіге оның әскери қызмет өткеру кезеңінде немесе әскери қызметтен әскери қызмет өткеру кезеңінде алған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы), ауруы салдарынан шығарылған күннен бастап бір жыл өткенге дейін мүгедектік белгіленген жағдайларда біржолғы ақшалай өтемақы бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға – отыз айлық ақшалай қаражат, екінші топтағы мүгедектігі бар адамға – он сегiз айлық ақшалай қаражат, үшінші топтағы мүгедектігі бар адамға – алты айлық ақшалай қаражат мөлшерінде төленеді.
Мерзiмдi әскери қызметтегі әскери қызметшiлерге, стипендия алатын курсанттар мен кадеттерге, әскери жиындарға шақырылған әскери мiндеттiлерге осы тармақта көзделген жағдайларда бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға – 250 айлық есептiк көрсеткiш, екінші топтағы мүгедектігі бар адамға – 150 айлық есептiк көрсеткiш, үшінші топтағы мүгедектігі бар адамға – 50 айлық есептiк көрсеткiш, ауыр мертіккені үшiн – 12 айлық есептiк көрсеткiш, жеңiл мертіккені үшiн – 4 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде бiржолғы ақшалай өтемақылар төленедi.
Егер әскери қызметшінің қаза табуы (қайтыс болуы) немесе ол алған мертігу соттың заң күшіне енген үкімі болған кезде өзіне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізген жағдайларды қоспағанда, өзіне-өзі қол жұмсау нәтижесінде, қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде, алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаң күйді туғызатын заттарды (сол тектестерді) тұтыну салдарынан, өзiне-өзі қасақана қандай да бiр дене жарақатын түсiру (денесiне зиян келтiру) немесе біржолғы өтемақы алу немесе әскери қызметтен жалтару мақсатында өз денсаулығына өзге де зиян келтiру нәтижесінде, әскери қызметшінің әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт талаптарын бұзған әрекеттері нәтижесінде туындағаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте дәлелденсе, біржолғы өтемақы төленбейді.
Қайтыс болған, әскери қызметшілер арасынан еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін алушылардың отбасы мүшелеріне асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы тағайындалуына қарамастан: зайыбына (жұбайына) – асыраушысының үш айлық зейнетақы төлемі мөлшерінде және отбасының еңбекке қабілетсіз әрбір мүшесіне – асыраушысының қайтқан күніне дейін төленіп тұрған бір айлық зейнетақы төлемі мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді.
Осы тармақта көзделген біржолғы жәрдемақы мөлшерін айқындау кезінде жәрдемақыға құқығы бар отбасы мүшелерінің қатарына: жасына және еңбекке қабілеттілігіне қарамастан зайыбы (жұбайы); он сегіз жасқа толмаған немесе бұл жастан асқан, егер оларға он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедектік белгіленген немесе олар асыраушысы қайтыс болған күні күндізгі оқу орындарының оқушылары болып табылған және жиырма үш жасқа толмаған балалары; қайтыс болған адамның асырап-бағуында болып келген, заңнамада белгіленген зейнеткерлік жасқа толған не мүгедектігі бар адамдар болып табылатын ата-аналары енгізіледі.
— Әскери қызметшілердің отбасы мүшелерін әлеуметтік қамсыздандыру жайлы айтып кетсеңіз.
Медициналық көмек көрсету бойынша әскери-медициналық мекемелердің (ұйымдардың, бөлімшелердің) көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жүзеге асырады.
Курсанттардың, кадеттердің жəне əскерге шақыру бойынша əскери қызметшілердің отбасы мүшелерін қоспағанда, əскери қызметшілердің өздерімен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелеріне əскери қызметші басқа жергілікті жерге, оның ішінде əскери бөлімнің немесе бөлімшенің құрамында ауысқан, уəкілетті орган əскери қызметшіні əскери бөлім тізімдерінен алып тастап, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарына, басқа да білім беру ұйымдарына, оның ішінде шетелдік оқу орындарына оқуға жіберген, сондай-ақ үлгерімсіздігі, тəртіпсіздігі үшін, басқа да теріс себептермен немесе өз бастамасы бойынша шығарып жіберу жағдайларын қоспағанда, оқу бітіргеннен кейін, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуға байланысты, арнайы тексеруден бас тартқан кезде, теріс себептермен, аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметтік сəйкес келмеуі бойынша қызметтен шығаруды қоспағанда, əскери қызметші əскери қызметтен шығарылған жағдайларда, теміржол, автомобиль жəне ішкі су көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығы беріледі.
Ай сайынғы ақшалай төлем балаларға (оның ішінде асырап алған балаларына, бірге тұратын өгей балаларына) – олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін немесе жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесіндегі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі оқу орнын күндізгі нысанда аяқтағанға дейін жиырма үш жастан аспайтын шекте, сондай-ақ «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақылардың төленуіне қарамастан, жұбайына (зайыбына) өмір бойы төленеді.
— Әскери қызметшілердің материалдық жауаптылығы үшін жауапкершілік қандай?
Әскери қызметтік міндеттерін атқару кезінен тыс залал келтірген әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Еңсерілмейтін күш және құқыққа сыйымды әрекеттер салдарынан келтірілген материалдық залал үшін әскери қызметшілерді материалдық жауаптылыққа тартуға жол берілмейді.
Әскери қызметтік міндеттерін атқару кезінде абайсызда келтірілген материалдық залал үшін мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді, курсанттар мен кадеттерді, әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілерді қоспағанда, әскери қызметшілер, сондай-ақ офицерлік құрамның әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілері – өздері келтірген залал мөлшерінде, бірақ тоғыз айлық ақшалай қаражаттан аспайтын мөлшерде, мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер, курсанттар мен кадеттер – өздері келтірген залал мөлшерінде, бірақ бес айлық ақшалай ризықтан (стипендиялардан) аспайтын мөлшерде, әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілер – өздері келтірген залал мөлшерінде, бірақ өзінің бір айлық жалақысынан аспайтын мөлшерде материалдық жауаптылықта болады.
ӘСКЕРДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ
Түркістан қаласында әскери кәсіп пен әскери қызметтің қоғамда беделін арттыру үшін көптеген жұмыстар атқарылуда.
Бригаданың артиллерия бастығы бейбіт және соғыс уақытында: бригада артиллериялық бөлімдерінің (бөлімшелерінің) жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігіне, жауынгерлік қабілетіне; олардың жеке құрамының жауынгерлік және жұмылдыру даярлығына, әскери тәрбиесіне, тәртібі мен моральдық-психологиялық жай-күйіне; сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға; бригаданың жеке құрамын өз мамандығы бойынша даярлауға; штаттық және бригадаға қоса берілген артиллериялық бөлімдерді (бөлімшелерді) жауынгерлік қолдануға; оған тікелей бағынысты бөлімдерді (бөлімшелерді) қару-жарақпен және әскери техникамен жабдықтауға, олардың жай-күйіне, оларды дұрыс пайдалану мен жөндеуге; өз мамандығы бойынша оқу материалдық-техникалық базаның жай-күйіне жауап береді.
Ол бригада командиріне бағынады және бригада артиллериялық бөлімдері (бөлімшелері) жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады.
Бригаданың артиллерия бастығы өз мамандығы бойынша жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі іс-шараларын жоспарлауға және өткізуге қатысуға, жауынгерлік және жұмылдыру даярлығы жоспарларының тиісті бөлімдерін әзірлеуге және олардың орындалуын ұйымдастыруға, артиллерияны жауынгерлік қолдануды жоспарлауға және оны шебер басқаруға, өз мамандығы бойынша бригадалық артиллериялық бөлімдердің (бөлімшелердің) жауынгерлік және жұмылдыру даярлығына, сондай-ақ батальондық артиллериялық бөлімшелерді даярлауға басшылық жасауға, өз мамандығы бойынша артиллерияны жауынгерлік қолдану бойынша офицерлер мен сержанттарды даярлауды жүргізуге, артиллериялық бөлімдермен (бөлімшелермен) оқу-жаттығулар және сабақтар өткізуге міндетті.
Ай сайын бригаданың артиллериялық бөлімдерімен (бөлімшелерімен) бақылау сабақтарын өткізуге, артиллериялық бөлімдердің (бөлімшелердің) зеңбірек (есептоп, бөлімше) командирінен бастап және одан жоғары әрбір офицері мен сержантының іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ әскери атағын, тегін, атын, әкесінің атын, атқаратын лауазымын, мамандығын, отбасы жағдайын білуге, олармен әскери тәрбие жөніндегі жеке жұмысты ұдайы жүргізуге, өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы және басқа да заңнамалық актілері талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.
Бригаданың артиллериялық бөлімдерінде (бөлімшелерінде) сыныптық мамандардың есебін, өсу перспективасын жүргізуге, сыныптық біліктілігін арттыруға (растауға) сынақтар өткізуге жеке өзі қатысуға, мамандығы бойынша әскери қызметшілерді іріктеуге, орналастыруға және аттестаттауға; жоғары лауазымдарға жоғарылату, келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру және әскери оқу орындарына түсу, курстық даярлыққа жіберу үшін кандидаттарды іріктеуге қатысуға, барлық бригада артиллериялық бөлімдерінің (бөлімшелерінің) жай-күйін, жауынгерлік және оқ ату мүмкіндіктерін білуге; олардың жауынгерлік әзірлігін, жауынгерлік және жұмылдыру даярлығын жетілдіру жөнінде шаралар қабылдауға, бригаданың артиллериялық бөлімдері (бөлімшелері) қару-жарағы мен әскери техникасының бар болуын, жай-күйін білуге және жабдықтау жөнінде шаралар қабылдауға, қару-жарақ пен әскери техниканың ұдайы ақаусыздығын қамтамасыз ете отырып, оларды пайдалануды және жөндеуді ұйымдастыруға; қару-жарақ пен әскери техникаға, зымырандар мен оқ-дәрілерге регламенттеу жұмыстарын жүргізу және техникалық қызмет көрсету жоспарын жасауға, сондай-ақ бригаданың артиллериялық бөлімдерінде (бөлімшелерінде) оның уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуге, бағыныстыларға оқ атулар, оқу-жаттығулар, сабақтар өткізу және қару-жарақпен және әскери техникамен, аспаптармен және оқ-дәрілермен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптарын уақтылы жеткізуге, олардың орындалуына қол жеткізуге, өз мамандығы бойынша оқу материалдық-техникалық базаны жабдықтауға басшылық жасауға міндетті.
Бригаданың артиллериялық бөлімдерінде (бөлімшелерінде) қару-жарақ пен әскери техниканы, зымырандар мен оқ-дәрілерді пайдалану, сақтау және қызмет көрсету кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуына бақылауды жүзеге асыруға, жылына екі реттен жиі емес бригаданың артиллериялық бөлімдерінде (бөлімшелерінде) барлық қару-жарақ пен әскери техниканың, зымырандардың, оқ-дәрілердің техникалық жай-күйін, жабдықталуы мен есепке алуды және оларды сақтау тәртібін тексеруге, формулярлардың (паспорттардың), техникалық құжаттаманың бар болуына және уақтылы жүргізілуіне, сондай-ақ олардың сақталуына бақылауды жүзеге асыруға, бағынысты артиллериялық бөлімдерде (бөлімшелерде) жауынгерлік әзірліктің жай-күйіне жоспарлы және кенеттен тексерулер жүргізуге, жоғары тұрған штабтарға белгіленген жеткізілімдер мен есеп берулерді уақтылы ұсынуға міндетті.
Бригаданың әуе шабуылына қарсы қорғаныс бастығы бейбіт және соғыс уақытында әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадалық бөлімдерінің (бөлімшелерінің) жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігіне; олардың жеке құрамының жауынгерлік және жұмылдыру даярлығына, әскери тәрбиесіне, тәртібі мен моральдық-психологиялық жай-күйіне; сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға, өз мамандығы бойынша бригаданың жеке құрамын даярлауға; штаттық және бригадаға қоса берілген әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімдерін (бөлімшелерін) жауынгерлік қолдануға; оған тікелей бағынысты бөлімдерді (бөлімшелерді) қару-жарақпен және әскери техникамен жабдықтауға, олардың жай-күйіне, дұрыс пайдалану мен жөндеуге; өз мамандығы бойынша оқу материалдық-техникалық базаның жай-күйіне жауап береді.
Ол бригада командиріне бағынады және бригаданың әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімдерінің (бөлімшелерінің) тікелей бастығы болып табылады.
Бригаданың әуе шабуылына қарсы қорғаныс бастығы өз мамандығы бойынша жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі іс-шараларын жоспарлауға және жүргізуге қатысуға, жауынгерлік және жұмылдыру даярлығы жоспарларының тиісті бөлімдерін әзірлеуге және олардың орындалуын ұйымдастыруға, әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарын жауынгерлік қолдануды жоспарлауға және оларды шебер басқаруға, бағынысты бөлімдердің (бөлімшелердің), сондай-ақ өз мамандығы бойынша батальондық әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерінің жауынгерлік және жұмылдыру даярлығына басшылық жасауға, әуе шабуылына қарсы қорғаныс мәселелері бойынша офицерлер мен сержанттарды даярлауды жүргізуге, сондай-ақ бригаданың әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімдерімен (бөлімшелерімен) оқу-жаттығулар мен бақылау сабақтарын өткізуге, ай сайын бригаданың әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімдерімен (бөлімшелерімен) бақылау сабақтарын өткізуге, әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімдерінің (бөлімшелерінің) зеңбірек (есептоп, бөлімше) командирінен бастап және одан жоғары әрбір офицері мен сержантының іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ әскери атағы, тегін, атын, әкесінің атын, атқаратын лауазымын, мамандығын, отбасы жағдайын білуге, олармен әскери тәрбие жөніндегі жеке жұмысты ұдайы жүргізуге, өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы және басқа да заңнамалық актілер талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.
Бригаданың әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімдерінде (бөлімшелерінде) сыныптық мамандардың есебін жүргізуге, сыныптық біліктілігін арттыруға (растауға) сынақтар жүргізуге жеке өзі қатысуға, мамандығы бойынша әскери қызметшілерді іріктеуге, орналастыруға және аттестаттауға, жоғары лауазымдарға жоғарылату, келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру және әскери оқу орындарына түсу, курстық даярлыққа жіберу үшін кандидаттарды іріктеуге қатысуға, бригаданың әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімдерінің (бөлімшелерінің) жай-күйін, жауынгерлік және оқ ату мүмкіндіктерін білуге; олардың жауынгерлік әзірлігін, жауынгерлік және жұмылдыру даярлығын жетілдіру жөнінде шаралар қабылдауға, әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімдеріндегі (бөлімшелеріндегі) қару-жарақ пен әскери техниканың бар болуын, жай-күйін білуге және жабдықтау жөнінде шаралар қабылдауға, қару-жарақ пен әскери техниканың ақаусыздығын ұдайы қамтамасыз ете отырып, оларды пайдалануды, эвакуациялауды және жөндеуді ұйымдастыруға, қару-жарақ пен әскери техникаға, зымырандар мен оқ-дәрілерге регламенттеу жұмыстарын жүргізу және техникалық қызмет көрсету жоспарларын жасауға, сондай-ақ бригаданың әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімдерінде (бөлімшелерінде) оның уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуге, бағыныстыларға оқ атулар, оқу-жаттығулар, сабақтар өткізу және қару-жарақпен және әскери техникамен, аспаптармен және оқ-дәрілермен жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік талаптарын уақтылы жеткізуге, олардың орындалуына қол жеткізуге, өз мамандығы бойынша оқу материалдық-техникалық базаны жабдықтауға басшылық жасауға міндетті.
Бригаданың әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімдерінде (бөлімшелерінде) қару-жарақты, зымырандар мен оқ-дәрілерді пайдалану, сақтау және қызмет көрсету кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын орындауға бақылауды жүзеге асыруға, жылына екі реттен жиі емес әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімдерінде (бөлімшелерінде) барлық қару-жарақ пен әскери техниканы, зымырандарды, оқ-дәрілерді есепке алуды, бар болуын, жиынтықталуын, техникалық жай-күйін және оларды сақтау тәртібін тексеруге, формулярлардың (паспорттардың), техникалық құжаттаманың бар болуына және уақтылы жүргізілуіне, сондай-ақ олардың сақталуына бақылауды жүзеге асыруға, бригаданың әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімдерінің (бөлімшелері) жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігінің жай-күйіне жоспарлы және кенеттен тексерулер жүргізуге, жоғары тұрған штабтарға белгіленген жеткізілімдер мен есеп берулерді уақтылы ұсынуға міндетті.
Ол бригада штабының бастығына бағынады.
Бригаданың барлау бастығы осы Жарғының 78-80-тармақтарында мазмұндалғанға қосымша өз мамандығы бойынша жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі іс-шараларын жоспарлауға және жүргізуге қатысуға, жауынгерлік және жұмылдыру даярлығы жоспарларының тиісті бөлімдерін әзірлеуге және олардың орындалуын ұйымдастыруға, жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде қарсылас, жергілікті жер туралы мәліметтерді жинауды, талдауды және қорытындылауды жүзеге асыруға және оларды бригада командиріне уақтылы баяндауға, барлау жоспарын әзірлеуге, үш айда бір реттен жиі емес өз мамандығы бойынша бөлімшедегі және қоймалардағы барлау қару-жарағы мен әскери техникасының, сондай-ақ әскери-техникалық мүліктің бар болуы мен техникалық жай-күйін тексеруге, өз мамандығы бойынша барлау бөлімшесінің жауынгерлік даярлығын бақылауға, сондай-ақ бригаданың жеке құрамын даярлауды жүргізуге, жоғары тұрған қолбасшылық бұйрықтарының талаптарын барлау бөлімшелеріне уақтылы жеткізуге және олардың орындалуын бақылауға, өз мамандығы бойынша бригада офицерлерімен және сержанттарымен, сондай-ақ барлау бөлімшесімен сабақтар және бригаданың бөлімдерімен (бөлімшелерімен) бақылау сабақтарын өткізуге, тікелей бағынысты бөлімше әскери қызметшілерінің іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ әскери атағын, тегін, атын, әкесінің атын, атқаратын лауазымын, мамандығын, отбасы жағдайын білуге, олармен әскери тәрбие және кәсіби даярлықты жетілдіру жөніндегі жеке жұмысты жүргізуге міндетті.
Бригаданың барлау бөлімшесіндегі қару-жарақ пен әскери техниканың бар болуы мен техникалық жай-күйін білуге және оларды дұрыс пайдалану мен қызмет көрсетуді жүйелі түрде бақылауға; үш айда бір реттен жиі емес өз мамандығы бойынша бөлімдердегі (бөлімшелердегі) және қоймалардағы барлау қару-жарағы мен әскери техникасының, сондай-ақ әскери-техникалық мүліктің жай-күйі мен жиынтықталуын, оларды дұрыс сақтауды, күтіп-ұстау мен есепке алуды тексеруге, мамандығы бойынша әскери қызметшілерді іріктеуге, орналастыруға және аттестаттауға; жоғары лауазымдарға жоғарылату, келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру және әскери оқу орындарына түсу, курстық даярлыққа жіберу үшін кандидаттарды іріктеуге қатысуға, барлау даярлығы бойынша оқу материалдық-техникалық базаны құру және жетілдіру жөніндегі жұмыстарға басшылық жасауға, штаб бастығына және бригада командиріне барлау бөлімшесін қолдануға шешім қабылдау үшін ұсыныстар әзірлеуге міндетті.