Түркістан қаласында әскери кәсіп пен әскери қызметтің қоғамда беделін арттыру үшін көптеген жұмыстар атқарылуда.
Бригаданың азық-түлік қызметі бастығы бригада командирінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету (тыл) жөніндегі орынбасарына бағынады және азық-түлік қызметі жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады. Осы Жарғының 78-80-тармақтарында мазмұндалғанға қосымша ол жеке құрам мен қызметтік жануарларды дұрыс сапалы, уақтылы тамақтандыруды ұйымдастыруға, қызмет объектілерінің санитариялық жай-күйіне жауап береді және асханалардың, азық-түлік қоймалары мен асүй жанындағы шаруашылықтардың жұмысын бақылауға, сондай-ақ далалық жағдайларда тамақ дайындау және тасымалдау үшін арналған техникалық құралдардың, технологиялық және тоңазытқыш жабдығының, асхана-асүй ыдысының және қызметтің басқа да мүлкінің ақаусыз жай-күйіне және дұрыс пайдалануына бақылауды жүзеге асыруға; бригада командирінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету (тыл) жөніндегі орынбасары болмағанда асханалар және қойма аймағы бойынша кезекшілерге нұсқаулар беруді өткізуге, қызметтің азық-түлігі мен мүлкі қорларын алуды және сақтауды уақтылы талап етуге және ұйымдастыруға, қоймадағы азық-түлікті уақтылы жаңалау және азық-түлік мүлкін бригаданың бөлімдеріне (бөлімшелеріне) беру үшін бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
Дұрыс сапалы тамақтануды қамтамасыз етуге және әрбір әскери қызметші мен қызметтік жануарға тиісті жабдықталым нормаларын толық жеткізуге, сондай-ақ жауынгерлік кезекшілікте, тәуліктік нарядта болатын және еңбек заңнамасы мен әскери қызмет өткеру туралы заңнамада көзделген басқа да жағдайларда әскери қызметшілердің тамақтануына бақылауды жүзеге асыруға, оқу-жаттығуларда, оқу-жаттығу орталықтарында және лагерьлерде әскери қызметшілердің, азаматтық персоналдың және қызметтік жануарлардың тамақтануын, сондай-ақ бригаданың медицина қызметінің бастығымен бірлесіп, жеке құрамның емдәмдік қосымша тамақтануын және дайын тағамды алдын ала дәрумендендіруді ұйымдастыруға міндетті.
Айына бір реттен жиі емес аспаздардың бақылау-көрсету тамақ пісірулерін өткізуге, бригаданың медицина қызметінің бастығымен, асханалар бастықтарымен және нұсқаушы-аспаздармен бірлесіп, апталық азық-түлікті тарату мәзірін жасауға, екі айда бір реттен жиі емес бригаданың бөлімдеріндегі (бөлімшелеріндегі), қоймаларындағы және басқа да қызмет объектілеріндегі азық-түліктің, техника мен қызмет мүлкінің бар болуын және сапалық жай-күйін тексеруге, қызметтің техникалық құралдарын уақтылы жөндеуді және қызметтің салмақ өлшеу құралдарын таңбалауды қамтамасыз етуге, картоп пен көкөністерді маусымдық дайындауды, оларды өңдеуге және қоймаларға салып қоюды, сондай-ақ бригаданың мұқтажы үшін шөп пен сабан дайындауды жүргізуге міндетті.
Азық-түлікті сақтау және өңдеу, тағамды дайындау және тамақтану кезінде, азық-түлік қоймасын, асхана үй-жайларын және асханалық-асүй ыдысын, сондай-ақ технологиялық, тоңазытқыш, механикалық емес жабдықты ұстауда және шаруашылық жүргізу субъектісінің меншік нысанына қарамастан, оларды пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын орындауда санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтауын бақылауға, тағам қалдықтарын жинау және кәдеге жарату үшін құрылыстар салу жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға, бригада асханаларындағы қалдықтарды уақтылы жинау және оларды әкету жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
Бригаданың киім-кешек қызметі бастығы бригада командирінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету (тыл) жөніндегі орынбасарына бағынады және киім-кешек қызметі жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады. Осы Жарғының 78-80-тармақтарында мазмұндалғанға қосымша ол: жабдықтау нормалары бойынша бригаданы киім-кешекпен және санитариялық-шаруашылық мүлікпен қамтамасыз етуге, монша-кір жуу қызметін көрсетуге және бригаданың жеке құрамына киім-кешекті, аяқкиімді жеке шақтап пішуге жауап береді және киім-кешек қоймасы мен шеберхананың жұмысын бақылауға, мүлікті ағымдағы жөндеуді ұйымдастыруға және оны сапалы және уақтылы орындауды бақылауға, киім-кешек және санитариялық-шаруашылық мүлікті алуды, сақтауды және бригада бөлімдеріне (бөлімшелеріне) беруді, сондай-ақ табельдік мәдени-бос уақыт, спорттық мүлік пен мүкәммалды сақтауды және бөлімдерге (бөлімшелерге) беруді уақтылы талап етуге және ұйымдастыруға, оларды бөлімдерге (бөлімшелерге) беру кезінде киім-кешек пен аяқкиімді жеке шақтап пішуді ұйымдастыруға, әскери қызметшілердің барлық санаттарына киім-кешекті уақтылы беруді (тігуді) қамтамасыз етуге, сондай-ақ киім-кешек заттарын тігу сапасын бақылауға міндетті.
Бригаданың киім-кешек мүлкін таңбалауды уақтылы ұйымдастыруға, екі айда бір реттен жиі емес есептік деректерге сәйкес бригада бөлімдерінде (бөлімшелерінде) және қоймаларында киім-кешек пен шаруашылық мүлкінің бар болуын және жай-күйін, сондай-ақ тексеру актісін жасаумен оны сақтау және күтіп-ұстау жағдайын тексеруге, қысқы маусым аяқталғаннан кейін қысқы киім-кешек заттары мен спорттық мүлікті бригада қоймасына тапсыруды бақылауға, оларға химиялық тазалауды, жөндеуді және бояуды жүргізуге, жылына екі реттен жиі емес киім-кешек мүлкін іріктеуді жүргізуге, бөлімшелер старшиналарымен рота шаруашылығын жүргізуді ұйымдастыру, киім-кешек мүлкін сақтауды, күтіп-ұстауды, жөндеуді және оны есепке алуды жүргізу бойынша сабақтар өткізуге міндетті.
Жаңа буынды қабылдау жөніндегі іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге қатысуға, медицина қызметінің бастығымен бірлесіп, оны санитариялық өңдеуді ұйымдастыруға, таңертеңгі тексерулерді жүргізуге кезең-кезеңімен қатысуға, әскери қызметшілерді киім-кешек мүлкімен қамтамасыз етуді тексеруге, бригаданың қару-жарағы мен әскери техникасына қызмет көрсету үшін бөлімшені ескі заттармен қамтамасыз етуге, белгіленген мөлшерде жұмыс киімі мен ауыстыру қорын жинақтауды ұйымдастыруға, бригада бөлімдерінің (бөлімшелерінің) тұрмыстық қызмет көрсету бөлмелерін шаш қию және киім-кешек пен аяқкиімді жөндеуге арналған қажетті мүкәммалмен және аспаптармен қамтамасыз етугеғ бөлімдер (бөлімшелер) жеке құрамының апта сайын моншада жуынуын ұйымдастыруға, жуынатын күндері оны жуыну құралдарымен, сүртінетін орамалдармен, ауыстыратын іш киіммен және төсек-орынмен, орамалдармен, ұйықтармен және шұлғаулармен қамтамасыз етуге, монша бойынша кезекшіге нұсқаулар беруге, іш киімді, төсек-орынды, орамалдарды, киім-кешек пен шұлғауларды уақтылы жууды ұйымдастыруға, жеке құрамға монша-кір жуу қызметін көрсету және кір жуу сапасын бақылауға, техникалық құралдарды пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын орындауды және киім-кешек қызметінің объектілерінде санитариялық талаптарды орындауды қамтамасыз етуге міндетті.
Өртке қарсы қорғаныс, құтқару жұмыстары және коммуналдық-пайдаланумен қамтамасыз ету қызметінің бастығы бригада командирінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету (тыл) жөніндегі орынбасарына бағынады. Осы Жарғының 78-80-тармақтарында мазмұндалғанға қосымша ол: бригадада өртке қарсы қорғанысты және құтқару жұмыстарын, коммуналдық-пайдаланумен қамтамасыз етуді жоспарлауға және ұйымдастыруға; өрт сөндіру командасының, өрт сөндіру құралдарының ұдайы әзірлігіне және әскери бөлімнің жеке құрамын өрт қауіпсіздігі талаптарына оқытып-үйретуге жауап береді және әскери бөлім объектілерінің өрт қаупі ерекшеліктерін білуге, өртке қарсы қорғаныс жоспарын және өрт қауіпсіздігі талаптарын әзірлеуге қатысуға, әскери бөлім бөлімшелерінің офицерлерімен, сержанттарымен және старшиналарымен өртке қарсы даярлау, өрт сөндіру құралдарын пайдалану бойынша сабақтарды жеке өзі өткізуге, жеке құраммен өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау бойынша түсіндіру жұмысын жүргізуге, сондай-ақ өрт сөндіру командаларын арнайы даярлауға, нұсқаулар беруге және өрт сөндіру нарядына түсетін жеке құрамның білімін тексеруге, барлық объектілердің өртке қарсы жай-күйіне тексеру жүргізуге және жеке құрамның белгіленген өрт қауіпсіздігі талаптарын орындауына және өрт сөндіру нарядының қызмет өткеруіне күнделікті бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
Барлық өрт сөндіру құралдарының, өрт дабылдамасының, өрт сөндіруді сумен жабдықтау көздерінің бар болуына, уақтылы талап етуге, ақаусыздығы мен дұрыс пайдалануға бақылауды жүзеге асыруға және оларды іске қосуға ұдайы әзірлікте ұстау жөнінде шаралар қабылдауға, өрт сөндіру құралдарын тексеруді және куәландыруды ұйымдастыруға, өрт сөндіру құралдарының бар болуын және техникалық жай-күйін есепке алуды жүргізуге, сондай-ақ олардың формулярларын (паспорттарын) және техникалық құжаттамасын уақтылы жүргізуге, өртке қатысты ақаулы және қауіпті жылыту және жарық түсіру қондырғыларын, аспаптарын пайдалануға жол бермеуге, бригада командирінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету (тыл) жөніндегі орынбасарына олар анықталған кезде объектілердің өртке қарсы жай-күйіндегі кемшіліктер, ал тұтанудың, өрт шығудың барлық жағдайлары туралы және қабылданған шаралар туралы дереу баяндауға, өрт сөндіруге басшылық жасауға, бригада қызметтік-тұрғын үй қорының есебін жүргізуге және жай-күйін бақылауға, инфрақұрылымды жөндеуді ұйымдастыруды жоспарлауға, гарнизон аудандық пайдалану бөліміне қызметтік-тұрғын үй қорын жөндеуге және қамтамасыз етуге өтінімдер беруге, жоғары тұрған штабқа және жабдықталым органына белгіленген есеп берулерді уақтылы ұсынуға міндетті.
Жарғыда мазмұндалғанға қосымша ол бригадада медицина қызметін қамтамасыз етуді жоспарлауды ұйымдастыруға, өз мамандығы бойынша бригада жеке құрамымен сабақтарды ұйымдастыруға және өткізуге, жаппай қырып-жою қаруынан қорғау жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге, сондай-ақ бригада орналасқан ауданда орналасқан болжамды қауіпті объектілерде авариялар болған жағдайдағы іс-шараларға қатысуға, медициналық қызметке жүктелген емдеу-алдын алу және індетке қарсы іс-шараларды жүргізуге, жоспарлы медициналық бақылау жүргізуге және жеке құрамның оқу-жаттығу жауынгерлік қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайлардың жай-күйін жақсарту, тіршілік ету ортасы, әскери еңбегі мен тұрмысы жағдайларын сақтау, орналасудың, тамақтанудың, сумен жабдықтаудың, монша-кір жуу қызметін көрсетудің іс жүзіндегі жағдайларын гигиеналық бағалау кезінде санитариялық қағидалар мен нормаларды сақтау жөнінде жазбаша нұсқаулар беруге міндетті.
Жеке құрамды медициналық тексеруді ұйымдастыруға, амбулаторлық қабылдауға қатысуға, медициналық пунктте, медициналық ротада (бұдан әрі — медициналық пункт) және емдеу мекемелеріне жіберілген сырқаттанған адамдарды қарауға, бригаданың медициналық пунктіне және басқа да емдеу мекемелеріне орналастырылған сырқаттанған адамдардың жай-күйін білуге және олардың емделуін бақылауға, сондай-ақ оларға кезең-кезеңімен барып тұруға, жеке құрамды жауынгерлік жағдайда, оқу-жаттығуларда, сабақтарда, сондай-ақ спорттық және басқа да іс-шараларды өткізу кезінде медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыруға, жеке құрамның дене дайындығына медициналық бақылауды жүзеге асыруға және дене дайындығы және спорт бастығымен бірлесіп, жеке құрамның денсаулығын нығайту және дене шынықтыруды дамыту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге, жеке құрамды әскери-медициналық даярлауды ұйымдастыруға, бригада командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарымен өзара іс-қимылда әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері арасында гигиеналық біліктілік пен салауатты өмір салтын насихаттауды жүзеге асыруға міндетті.
Тамақтану режимін әзірлеуге және азық-түлікті тарату мәзірін жасауға қатысуға, жеке құрамды тамақтандыру сапасына және судың дұрыс сапасына жүйелі түрде медициналық бақылауды жүзеге асыруға; бөлімге әкелінетін тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын тиісті құжаттардың бар болуын тексеруге, созылмалы аурулары бар адамдарға ұдайы медициналық қадағалауды, олардың денсаулығын нығайту жөніндегі нұсқаулар беруді жүргізуге, бөлімдер (бөлімшелер) командирлеріне хабарлауға және олардың орындалуын бақылауға, бригада командирінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасарына емдәмдік және қосымша тамақтануды қажет ететін мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілеріне медициналық қорытындылар ұсынуға, бригада бөлімдерінің (бөлімшелерінің) командирлерімен және олардың тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарларымен, психологпен бірлесіп, сырқаттанған, сондай-ақ алкогольдік, уыттық, есірткілік және психотроптық заттарды тұтынуға бейім әскери қызметшілерді анықтауға, оларды емдеу жөнінде шаралар қабылдауға, бригада, асханалар, тұрғын үйлер, шаруашылық қызметтер үй-жайлары және басқа да эпидемиологиялық маңызды объектілер орналасқан ауданның санитариялық жай-күйін бақылауға міндетті.
Жеке құрамның моншада жуынуына, іш киімі мен төсек-орнын уақтылы ауыстыруына бақылауды жүзеге асыруға, ай сайын жеке құрамның сырқаттануын талдауға, сырқаттанудан сақтандыру және санитариялық жай-күйді жақсарту жөніндегі ұсыныстармен талдау деректерін бригада командиріне және үлкен медицина бастығына баяндауға, дәрі-дәрмектерді есепке алу, улы және есірткі заттардан, психотроптық заттар мен прекурсорлардан бөлек сақтауды ұйымдастыруға, медициналық мүлік пен техниканы мақсатсыз пайдалануға жол бермеуге, бригада әскери қызметшілерін диспансерлеуді ұйымдастыруға және оны жүргізуге жеке өзі қатысуға, әскери қызметшілерге сырқаты бойынша әскери қызмет міндеттерін орындаудан уақытша босату туралы анықтамалар беруге, объектілерді салуға және күрделі жөндеуге санитариялық сақтандыру қадағалауын жүргізуге қатысуға міндетті.
Бағынысты медициналық персоналдың біліктілігін ұдайы арттыруға, Қазақстан Республикасы дәрігері антының талаптары мен дәрігерлік құпияны мүлтіксіз сақтауға, эпидемиялық, санитариялық-гигиеналық жағдайларда пайда болуы мүмкін жіті уланулар, инфекциялық және басқа да аурулар туралы және жарақаттану салдарынан әскери қызметшілерді госпитальға жатқызудың әрбір жағдайы туралы бригада командирінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасарына баянатпен баяндауға міндетті. Бригаданың мемлекеттік құпияларды қорғау қызметінің (бөлімшесінің) бастығы бригада штабының бастығына бағынады және мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімшелерінің жеке құрамына тікелей бастық болып табылады. Осы Жарғының 78-80-тармақтарында мазмұндалғанға қосымша ол бригадада үздіксіз, нақты, жедел арнайы байланысты ұйымдастыруды қамтамасыз етуге, есептеу техникасы құралдары объектілерінде құпиялылық режимін және құпия жұмысты қамтамасыз ету, құпия іс жүргізу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға, бригада жеке құрамының мемлекеттік құпияларды қорғау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауына бақылауды жүзеге асыруға міндетті. Түркістан қаласында әскери кәсіп пен әскери қызметтің қоғамда беделін арттыру үшін көптеген жұмыстар атқарылуда.