Қарашаның 29-ы мен желтоқсанның 2-сі аралығында Қарағандыда өткен республикалық сайыста шымкенттік оқушылар топ жарды.
Жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша ХV Президенттік олимпиаданың үшінші кезеңінде Шымкенттен 21 оқушы қатысып, екі қола және бір күміс медальды еншілеп қайтты.
Атап айтқанда, М.Х. Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназия оқушысы Кенжебай Нұрсұлу ІІ орын, Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицей оқушысы Жантуар Нұрсұлтан ІІІ орын,
А.Назарбеков атындағы №87 жалпы орта білім беретін мектеп оқушысы Әзімхан Бауыржан ІІІ орынға ие болды.Кенжебай Нұрсұлу М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университет грантын иеленді.