Шымкентте жеңіл көлік жүргізушісінің кінәсінен 600-ден астам үй газсыз қалды.
30 желтоқсанда таңғы сағат 05:31 шамасында Құрсай шағын ауданында Opel Vectra жүргізушісі тізгінді басқара алмай, жоғары қысымды газ құбырына соғылды. Жол-көлік оқиғасының салдарынан 612 жеке тұрғын үй мен бір өнеркәсіптік кәсіпорын газсыз қалды.
«Кінәліге қатысты полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы (Көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүру ережелерін бұзуы, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуі) бойынша әкімшілік хаттама толтырды», — делінген жазбада.
Жинақталған материалдарды тәртіп сақшылары мамандандырылған сотқа жібереді. Автокөлік жүргізушісінен газ компаниясына келтірілген материалдық шығын сот тәртібімен өндірілетін болады.