Шымкент қаласында 22 елді мекен жарықсыз қалды.
Бұл туралы Шымкент қаласы энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы мәлімдеді.
Қала аумағында 3 қаңтар күні сағат 13:00- ден бастап, ауа райының қолайсыздығы салдарынан барлығы 44 апатты жағдай орын алған. Нәтижесінде 22 елді мекенде электр қуаты сөнді.
«Аталған жұмыстарға «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің жалпы 100 адамнан құралған 20 апатты жою бригадасы, 3 арнайы техника, 1 лабаратория жұмылдырылды. Апатты жою уақыты 30 минут — 15 сағат аралығында«, — делінген жазбада