Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Көктеммен бірге келетін ізгілік пен мейірім мерекесіне орайластырылған қабылдау ерекше форматта ұйымдастырылды.
Атап айтар болсақ, халықты мегаполистің тыныс-тіршілігімен, әр салада атқарылатын алдағы жоспарлармен етене таныстыру үшін арнайы стендтер қойылып, басқармалардың жұмысы туралы бейнероликтер ұсынылды.
Қаланың прокуратура, полиция өкілдері, әкім орынбасарлары, аудан әкімдері мен басқарма басшылары азаматтардың түрлі салаға қатысты өтініштерін қарастырды. Халық жауаптыларға тұрғын үй, жер кезегі бойынша түрлі өтініштермен қатар инфрақұрылым пролемаларына қатысты талап-тілектерін жеткізді. Сондай-ақ, мегаполисті өркендетуге үлес қосуға ниетті қаланың белсенді азаматтары осы бағыттағы өз жобаларын ұсынды.
Тұрғындарға жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту мақсатында қолға алынған мемлекеттік бағдарламалар түсіндірілді. Қабылдауға 500-ге жуық азамат жазылып, өтініштерін білдірді.
Қала әкімі қабылдауларда қоғамдық мәселелерді көтеріп, қаланың дамуына үлес қосып жүрген белсенді тұрғындарға алғысын жеткізді. Сондай-ақ, халықтың талап-тілектерін жіті зерделей келе бірқатарын қабылдау кезінде орындады. Мұрат Дүйсенбекұлы бірде-бір өтінішті ескерусіз қалдырмауды ескертіп, жауаптыларға дер кезінде нақты шешім қабылдау қажеттігін жеткізді.