Гуманитарлық жүк тиелген ұшақ түнде Алматы әуежайына қонды.
Өндірушінің мәліметінше, «Комирнати» екпесі бұрын коронавирусқа қарсы вакцинациялаудың бастапқы толық курсын алған және 12 жастан асқан адамдарды ревакцинациялау үшін ұсынылады.
Екпе жаңартылған және құрамында Omicron BA 4 және BA.5 субварианттары бар. Жаңа вакцина жақында еліміздің барлық өңіріне таратылады. Қазір елде «КазВак», «Синофарм», «Комир-нати» екпесі бар.
» Бұл гуманитарлық көмек – Қазақстан мен Словакия елдерінің арасындағы мәдени, экономикалық достықтың бір көрінісі. «Комирнати» вакцинасын Пфайзердің Омикронға қарсы ең тиімді екпесі деуге болады. Біз вакцинация арқылы ұжымдық иммунитет қалыптастырғанда ғана қауіпті вирусты жеңе аламыз. Словакия халқының жартысынан көбі екпе салдырды». — деді, Словакияның Астанадағы төтенше және өкілетті елшісі, Роберт Кирнаг.