Түркістанда 18-рет «Мейірімді жүрек» акциясы өтті.

Түркістан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен «Мейірімді жүрек» қайырымдылық акциясы өтті.

Жиынға қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Элмира Бейсенова, «Белсенді ұзақ өмір» орталығының директоры Гүлжамал Даханова және қалалық «Аналар алқасының» төрайымы Ұлжан Мұстафаева қатысып, балаларға жылы лебіздерін жеткізді.

Іс-шара аясында 20 балаға сыйлықтар үлестірілді. Сыйлықтар әр баланың өз қалауымен арнайы алынған. Одан бөлек, акция аясында 3 мұқтаж отбасына көмір жеткізілді. Жиын соңында ерекше қажеттілігі бар балалар өнерлерін ортаға салып, қуанышқа бөленді.

Айта кетейік, аталған акция 2022 жылы басталып, дәстүрлі түрде жалғасып келеді. Бұған дейін қайырымдылық акциясы 17 рет өткізіліп, 248 ерекше қажеттілігі бар балаға қамқорлық көрсетілген.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.