Қазақстаннан шетелге аударылған ақша көлемі рекордтық деңгейге жетті. Финпром агенттігінің дерегінше, былтыр 1 трлн теңгедей шекара асқан. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 3 пайызға көп.

Алайда, транзакциялар саны керісінше 100 мыңға азайған. Аударымның орташа көлемі 415 мың теңге. Қазақстаннан аударылған елдердің алғашқы үштігінде Өзбекстан, Түркия және Ресей тұр. Отандық сарапшылар шетелге ақшаның көп кетуінің бірнеше себебін атады.

Дәлірек айтқанда, миграциялық процестер, ресейліктердің үдере көшуі, валютаның тұрақсыздығы және инфляция. Экономистердің айтуынша, аударымдардың деңгейі жыл сайын өсуі мүмкін.

 inbusiness.kz

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.