Бүгінгі таңда Қазақстанда Түркиядағы жер сілкінісі кезінде зардап шеккендер үшін ашылған шотқа шамамен 10 миллион доллар (188,7 миллион түрік лирасы) түсті.

Барлық қаражат төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасына (AFAD) аударылады.

Түркияның Астанадағы елшілігінің хабарлауынша, қазақстандық кәсіпкер Болат Өтемұратов қорынан қайырымдылық шотына 5 млн доллар сомасы түскен.

«Жер сілкінісі кезінде зардап шеккендер үшін 5 миллион доллар аударған Өтемұратов қорына алғысымызды білдіреміз. Осылайша, Қазақстанда AFAD-қа аударылған жалпы сома 10 млн долларға жуықтады», – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы жеті балдан асатын екі жер сілкінісі болды (жергілікті уақыт бойынша 04.17-де – 7,7 балл және 13.24-те – 7,6 балл).

Түркияның оңтүстік-шығысындағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 44,2 мыңнан асты.

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияда табиғи апат құрбандары үшін Жалпыұлттық аза тұту туралы жариялады.

 inform.kz

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.