Шымкенттің орталық және ішкі орам көшелерінде санитарлық тазалық жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.
Жұмысшылар аумақтарды инертті материалдардың қалдықтарынан және қоқыстардан тазарту жұмыстарына қызу кіріскен.
Қазіргі уақытта қала аумағы 50 секторға бөлінген. Аталған жұмыстарға 300-ден астам техника жұмылдырылып, 1 жарым мыңдай адам тартылған. Мегаполистің орталық және ішкі орам көшелерінің тазалығымен 9 мердігер мекеме айналысуда.
Салаға жауаптылар аудандарда тұрмыстық қалдықтарды тазарту жұмыстарын да күшейтті. Жеке секторлар аптасына бір, екі рет, көп қабатты тұрғын үй аумақтары күніне 2-3 рет қоқыстан тазартылады.
Айта кетейік, Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов аудан басшыларына тазалық шараларын жүргізетін мекемелердің жұмысын, жауапкершілігін қатаң қадағалауды тапсырды.