Түркістан мен Самарқанд қаласының өзара байланысы дамып келеді.
Түркістан мен Самарқанд қаласының өзара байланысы дамып келеді. Түркістан қаласынан арнайы аттанған делегация Самарқанд қаласының әкімі Фазлиддин Умаровпен, туризм, кәсіпкерлік және экономика салаларының өңірдегі басшыларымен кездесті.
Кездесуде келісім мен ынтымақтастық шарттарын жүзеге асыру үшін атқарылатын тәжірибелік жұмыстар талқыланды. Сондай-ақ осы келісім негізінде түркістандық қолөнершілер Самарқандқа барып, сан ғасырлық тарихы бар қолөнердің жауһарларын зерттейтін болып келісілді.
Айта кетейік, 2022 жылы 20-21 желтоқсанда Ташкентте өткен Қазақстан мен Өзбекстан бизнес-форумы аясында Самарқанд қаласы мен Түркістан қаласы арасында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған болатын.