Шымкент қаласында тозығы жеткен тұрғын үйлерді түбегейлі жаңарту тұрғындар келісімімен жүзеге асырылады.
Бұл туралы бүгін арнайы реновациялауға жататын объектілер бойынша тұрғын үй иелеріне өтеудің тәртібі мен шарттары, қаржыландыру мәселелері бойынша аудан әкімдіктері мен тұрғын үй басқармасының, «Shymkent ӘКК» АҚ және инвесторлардың, БАҚ өкілдері мен тұрғындардың қатысуымен тыңдалым өтті.
Кездесу барысында меншік үй иелері иенвесторлардың ұсынысын тыңдап, бірқатар сұрақтарға нақты жауаптар алды.
Реновация бағдарламасына енгізілген тұрғын үйлердегі тұрғын үй-жайлардың меншік иелеріне ауданы бойынша бірдей, бірақ бір бөлмелі пәтерден кем емес мөлшерде жаңа пәтерлер беріледі. Тұрғын емес үй-жайлардың иелеріне оның құны өтеледі. Меншік иелері келіспеген жағдайда өткізілетін мүлік үшін өтем салынып жатқан объектілерде ауданы бойынша бірдей тұрғын емес үй-жайларды беру жолы қарастырылған. Сол арқылы қаланың көркін ашатын әсем зәулім үйлер салынатын болады.
2023 жылға қала аумағындағы авариялық, тозығы жеткен 6 тұрғын үйді бұзып, қайта жаңа тұрғын үй кешенін салу жоспарланған. Аталған үйлер Абай ауданында — 1, Әл-Фараби ауданында — 1, Еңбекші ауданында — 1, Тұран ауданында — 3.
Қазіргі таңда реновациялау жобаларына жеке инвесторлар тарту бойынша «Shymkent ӘКК» АҚ жұмыс жасауда.
Қазіргі таңда реновациялау жобаларына жеке инвесторлар тарту бойынша «Shymkent ӘКК» АҚ жұмыс жасауда.
Айта кетейік, аталған бағдарлама бойынша инвесторларды тарту және сүйемелдеу функцияларын орындайтын «Shymkent» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы.