Түркістан облысының әкімі Өзбекстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісін қабылдады.
Түүркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Өзбекстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Саидикрам Ниязходжаевты қабылдады.Қос тарап алдағы жоспарларымен бөлісіп, жобаларын таныстырып, бірлесіп жұмыс істеуге ұсыныс білдірді. Кездесуде облыс әкімі күллі түркі әлемінің рухани астанасы Түркістанның жетістіктерін таныстырды.
Кездесу барысында екі ел арасындағы ынтымақтастық пен екіжақты сауда-экономикалық қатынас туралы сөз болды. Облыс әкімі өңірге инвестиция тартуға мүдделі екендігін жеткізді. Мәдени салаға да айрықша назар аударылып, екі елдің уақыт сынынан өткен тарихи тамырластығын алға тарта келіп, екі ел басшыларының өткен жылғы мемлекеттік іс-сапарлары екіжақты қарым-қатынастың жаңа белесін бастағанын айтты.
«Бауырлас екі ел арасында достық қарым-қатынаспен қатар, сауда және экономикалық қатынастар қалыптасқан. Осы орайда екіжақтыынтымақтастықты одан әрі нығайтуға күш саламыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев желтоқсан айындағы Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапары барысында көптеген екіжақты келісімдерге қол қойылған болатын. Осы бағытта жұмыстарға күш салынды. Біз ауыл шаруашылы саласын дамытуға басымдық беріп отырмыз. Мақтаны өсіріп қана қоймай, оны өңдеу, тоқыма саласын дамыту туралы жоспар көп. Бірлескен жобаларды жүзеге асыруымыз керек. Мал шаруашылығын одан әрі дамыту көзделген. Сондай-ақ кәсіпкерлік саласына күш салынады. Біз бауырлас ел болғандықтанқай саланы алып қарасақ та, бір-бірімізбен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейміз», — деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.
Сонымен қатар, көрші елмен балаларға арналған ойыншық шығару бизнесін Түркістан облысында дамытуға қатысты жобалар талқыланды. Салт-дәстүрді мен ұлттық қолөнерді одан әрі дамытуға серпін беретін жаңа жобалардың жүзеге асатыны жайлы айтылды.
Бірлескен жобаларды жүзеге асырудың әрі қарай жалғасатынын қолдаған Өзбекстан Республикасының Елшісі медицина саласында да әріптестік танытуға ниет білдірді. Түркістан өңірінің қай саланы болса да дамытуға қолайлы өңір екенін айтты. Сонымен қатар, алдағы уақытта бірігіп жұмыс істеуге ықыласты екенін жеткізді.