Саяси науқан басталғанда үміткерлермен қатар бақылаушыларм деген топ атқа қонады.. Сайлау
Олардың басты міндеті — сайлаудың әділ, әрі шынайы өтуіне ат салысу;
Бәріңізге белгілі 2022 жылы өткен ҚР Президенті сайлауында тәуелсіз бақылаушылардан құралған «Baqyla» республикалық қоғамдық қозғалысы құрылды (байқаушылар)… Президент сайлауында еліміздің әрбір өңірін қамтып, жұмыс істеді.
Алғашқы жауапты сайлауда жинаған тәжірибелерін алдағы ҚР Парламенті мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлауда көрсетуге дайын…Қазір әрбір өңір бойынша жауапты өкілдері, топ жетекшілері мен жүздеген бақылаушылары бар..
Еліміздің сайлау процесінің ашық өтуіне үйрететін бұл мектептің болашағы зор болмақ…
Шырайлы Шымкент қаласында #baqyla ұйымы өз жұмысын жүргізіп, бұйырса бүкіл сайлау учаскелерін қамтимыз!..
Ал, кандидаттар мен сайлау комиссиялары «железно» өтіп қойды,«по-любому» өтеді дегендей бұрмалаушылықтарды көре қалсақ, көз жұмып қалмаспыз!
Әділдік пен шынайы өтуді бәріміз бүгіннен өзімізден бастайық!
Сайлаушылар, өз таңдауларыңызды жасаудан қалмаңыздар!
#baqyla
#baqyla2023