Шымкент қаласында тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялауға жолданған 591 азаматтың өтінімі мақұлданды.

Оның ішінде 380 азамат пен Отбасы банкі арасында келісім шарт түзіліп, тұрғын үй жалдау ақысының 50 пайызына мемлекет тарапынан төлемдер аударылды.

Субсидия – мемлекет тарапынан төленетін тұрғын үй кезегін күткен азаматтардың жалдамалы пәтерлері арендалық құнының 50 пайыздық ақысы. Бағдарлама талаптарына сәйкес бұл жеңілдікке пәтер кезегіндегі 1 және 2 топтағы мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балалар, оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар, көп балалы отбасылар өтініш бере алады.
Айта кетеейік, өтініш берушінің отбасыдағы соңғы 6 айдағы табысы адам басына шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен(яғни 1 КМ=40 567 теңгеден) аспауы тиіс. Азаматтар субсидиялауға қатысты сұрақтары бойынша Отбасы банк кеңесшілеріне жүгіне алады.
Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.