Шаһар басшысы сорғы станцияларының жұмыс барысын тексеріп, сала мамандарына болуы мүмкін апаттық жағдайлардың алдын алуды және ақау орын алған жағдайда дер кезінде әрекет етуді тапсырды.
Мұрат Әйтенов қала аумағында орналасқан жылу қазандықтарын да аралады.
—“Қазгидромет” хабарламасына сәйкес, алдағы 4 күнде аязды ауа райы күтілуде. Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жұмыла жұмыс атқарайық. Әрбір қазандықтың жұмысын мұқият тексеріп, тәулік бойы бақылауда ұстауымыз керек, — деді Мұрат Дүйсенбекұлы.