Биыл Шымкент қаласында 261 жасқа кәсіп бастау үшін жеңілдетілген несие беру жоспарлануда.
Жыл соңына дейін «Жастар практикасымен» 2 мыңға жуық, «Алғашқы бос жұмыс орны» жобасымен 1 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр.
Сонымен қоса, қалалық жастар ресурстық және жұмыспен қамту орталықтарының ұйымдастыруымен студенттерге мемлекеттік бағдарламалар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Оның ішінде Жастар бизнесіне жол ашатын 2,5 пайызбен берілетін микронесие, «Жастар практикасы», «Алғашқы бос жұмыс орны» бағдарламаларының талаптары түсіндірілуде.