Шымкент қаласында жолдарды қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Атап айтар болсақ, Нұрсәт шағын ауданындағы Назарбеков көшесін қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Бүгінде Бадам өзенінен өтетін көпірден бастап, Республика даңғылының қиылысына дейінгі 6,7 шақырымдық А-2 айналма жолын жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аталған жөндеу жұмыстары 20 наурызға дейін толық аяқталады.
Қазіргі таңда реконструкция жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде.