Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақов Бадам ауыл округіндегі “Ордабасы құс” ЖШС-не барды.
Аталған кәсіпорын «Үдемелі индустриялды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмысын бастаған болатын. I кезеңі 2010 жылы іске қосылған. Өндіріс қуаттылығы жылына — 4 828 тонна. Жоба «КазАгроқаржы» АҚ-арқылы қаржыландырылған. Жобаның инвестициялық құны — 3 млрд. 249 млн.теңге, мұнда 280 жұмыс орны ашылған. II кезеңі 2014 жылы іске қосылған. Өндіріс қуаттылығы жылына — 8110 тонна. Жоба «КазАгроқаржы» АҚ-арқылы қаржыландырылған. Жобаның инвестициялық құны -2 млрд. 330 млн.теңге, ашылған жұмыс орны — 140 адам.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында күркетауық фабрикасына жалпы құны 128 млн. теңгеге газ құбыры мен ішкі автожолдар тартылған.
Былтыр қараша айының 14-жұлдызында 52 000 бас күркетауық тұқымы инкубаторға салынып, 50 000 бас балапан шығып, өсіріліп жатыр. Ал биылғы қаңтар айының 11-жұлдызында Франция мемлекетінен 54 000 бас күркетауық тұқымы әкелініп, инкубаторға салынып, 28 күнде балапан болып шығады деп жоспарланып отыр.
Нұрбек Бақтыбайұлы серіктестік қызметкерлерінің жұмысына сәттілік тілеп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып жатқан үлестеріне алғысын білдірді. Сондай-ақ кейбір мәселелер бойынша әкімдік тарапынан қолдау көрсетілетінін айтты.