Шымкент қаласының экологиялық проблемаларын кешенді шешу бойынша жол картасы жаңартылды деп хабарлайды Ақпараттық коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы бойынша экология департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Сәтенов Берік Тұрсынұлы.
2021 жылдың басында Шымкент қаласының әкімі мен Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі бірлесіп «Шымкент қаласының экологиялық мәселелерін кешенді шешу» жол картасын бекіткен болатын.
Алайда, Жол картасының кейбір іс-шаралары мегаполис үшін өзекті болмағандықтан және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 11 қарашада Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесу қорытындысының хаттамасын орындау мақсатында қайта жаңартылды.
Жол картасына келесідей өзгертулер енгізілді:
— Қала аумағында жыл сайын 120 мың көшет егу;
— Сәуле, Шымсити, Тұран шағын аудандарында саябақ құрылысын салу;
— Қошқарата өзенін Ордабасы алаңынан Жангелдин көшесіне дейін (I-кезең) және Жангелдин көшесінен Абай даңғылына дейін (II кезең) абаттандыру;
— Шымкент қаласы аумағынан ағып өтетін барлық су объектілерінің (Бадам, Сайрамсу, Қошқар ата, Қарасу ) су қорғау белдеуі мен аймақтарын бекіту;
— Қошқар ата, Карасу, Бадам өзендеріне жауын-шашын суларын тазалаусыз тастауды болдырмайтын нөсер жауын канализациялық жүйесінің құрылысын салу;
— Коммуналды қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу,
— Қаланың ірі кәсіпорындарында ластаушы заттар шығарындыларының автоматтандырылған мониторингін жүргізу жүйелерін кезең-кезеңімен енгізу қосылды.
Осы мақсатта Департамент тарапынан төмендегі міндеттерді орындауды жоспарлап отырмыз:
— Жаңадан қабылданған Жол картасындағы іс-шаралардың орындалуын қадағалауды жалғастыру;
— 1-жартыжылдықта бекітілген профилактикалық бақылау тізіміне сәйкес кәсіпорындарға тексеріс жұмыстарын жүргізу;
— 2-жартыжылдықта профилактикалық бақылау тізімін жасақтау;
— Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген Жасыл Қазақстан ұлттық жобасының талабына сәйкес «ПКОП» ЖШС-нің шығарындыларын 20 %-ға түсіруін бақылау;
— Қоршаған орта мониторингі аясын кеңейту — қала аумағындағы өзендерге, атмосфералық ауаға және ірі кәсіпорындардың санитарлық қорғау аймағына мониторинг жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Атап айтқанда, Қошқар-Ата өзені суының сапасына Темір жол вокзалы қасынан Самал-3 мөлтек ауданына дейінгі бөлігіне және Сайрам су өзеніне тоқсан сайын мониторинг жүргізу.