Қазақстан Республикасының Премьер-министрі ӘлиханСмайлов Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша бірқатар министрлердің қатысуымен арнайы мәжіліс өткізді деп хабарлайды Шымкент қаласының баспасөз хатшылығы.
Үкімет басшысы жуырда ғана мегаполиске жасаған жұмыс сапары барысында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар тапсырмалар жүктеген болатын.
Мәжілісте Алихан Асханұлы республикалық маңызы бар қаланы дамытуға ықпал ететін 19 тапсырманың орындалуы бойынша ведомство басшыларының, қала әкімінің есептерін тыңдады.
Бүгінде Үкімет басшысының берген тапсырмаларын мерзімінде орындау мақсатында орталық және басқа да уәкілетті органдармен бірлесіп тиісті жұмыстар жүргізілді. Оның ішінде, республикалық бюджетті нақтылау барысында министрліктерге сұраныс енгізілді.
Жүктелген тапсырмалардың орындалу барысы мен өзекті мәселелерді баяндаған Мұрат Дүйсенбекұлы мегаполис үшін маңызды «Тұран» шағын ауданындағы Оқушылар сарайы құрылысына қалаға қаралған лимит шегінде қаржы қарастыру және «Қайнарбұлақ» шағын ауданын табиғи газбен қамтуға қаралған қаражат бойынша сұраныстарын жеткізді.
Бұл Мемлекет басшысының және Премьер-министр тапсырмаларын мерзімінде орындауға және халықтың өзекті мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда Шымкент қаласының дамуы бойынша Премьер-министр нақтылаған 5 тапсырма толығымене орындалып, қалған міндеттемелерді жүзеге асыру бойынша кешенді шаралар жүргізілуде.