Шымкент қаласында 1991-2022 жылдар аралығында сейсмикалық тұрақтылығы 7 баллды құрайтын шамаммен 1900 тұрғын үй салынған.
Ал, 2018-2022 жылдар аралығында сейсмикалық тұрақтылығы 7-8 баллды құрайттын шамамен 458 тұрғын үй салынған.
Шымкент қаласында соңғы жылдары салынған тұрғын үйлердегі 1210 пәтерден кемшіліктер анықталған. Мердігер компаниялар кепілдік мерзіміне сәйкес, анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.
Атап айтқанда: Тұран ш/а 724 пәтерден кемшіліктер анықталып, 698 пәтердің кемшіліктері қалпына келтірілді. 26 пәтер орындалу үстінде. ӘІО-да 165 пәтерден кемшіліктер анықталып, 160 пәтердің кемшіліктері қалпына келтірілді. 5 пәтер орындалу үстінде. Шымкентсити ш/а 321 пәтерден кемшіліктер анықталып, 312 пәтердің кемшіліктері қалпына келтірілді. 9 пәтер орындалу үстінде.