2021 жылдың басында Шымкент қаласының әкімі мен ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі бірлесіп, «Шымкент қаласының экологиялық мәселелерін кешенді шешу» жол картасын бекіткен болатын. Алайда, Жол картасының кейбір іс-шаралары өңір үшін өзекті болмғандықтан және ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 11 қарашада Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесу қорытындысының хаттамасын орындау мақсатында қайта жаңартылды.
Жол картасына келесідей өзгертулер енгізілді:
— Қала аумағында жыл сайын 120 мың көшет егу;
— Сәуле, Шымсити, Тұран шағын аудандарында саябақ құрылысын салу;
— Қошқарата өзенін Ордабасы алаңынан Жангелдин көшесіне дейін (I-кезең) және Жангелдин көшесінен Абай даңғылына дейін (II кезең) абаттандыру;
— Шымкент қаласы аумағынан ағып өтетін барлық су объектілерінің (Бадам, Сайрамсу, Қошқар ата, Қарасу ) су қорғау белдеуі мен аймақтарын бекіту;
— Қошқар ата, Карасу, Бадам өзендеріне жауын-шашын суларын тазалаусыз тастауды болдырмайтын нөсер жауын канализациялық жүйесінің құрылысын салу;
— Коммуналды қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу,
— Қаланың ірі кәсіпорындарында ластаушы заттар шығарындыларының автоматтандырылған мониторинг жүргізу жүйелерін кезең-кезеңімен енгізу қосылды.