2023 жылдың 30 наурыз күні Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібіне сәйкес бес мәселе қаралып, талқыланды. Шымкент қаласындағы табиғи монополиялар субъектілерін тарифтері және тарифтерді ұстап тұру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастығы Каинбердиев Дархан Әбілқасымұлы, 2022 жылы Шымкент қаласы бойынша негізгі капиталға инвестиция тарту жөніндегі жұмыстардың нәтижесі (Шымкент қаласы бойынша кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту, жергілікті атқарушы органдар тарапынан көрсетілетін көмектер туралы, инвесторларға қолайлы жағдай жасау, мемлекеттік қолдау шаралары, ұсынылатын жеңілдіктер, жер телімін ұсыну механизмдері, басым бағыты бар салалар) және 2023 жылы атқарылатын жұмыстар туралы Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Дүйсебеков Береке Талғатұлы баяндады.

Сонымен қатар, «2023-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті» мен «Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік мәні бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» Шымкент қаласы мәслихатының шешім жобалары және «Шымкент қаласының аумағында қалалық қатынастарда жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің қаулы жобасы талқыланды.

Талқылауда кеңес мүшелері өз тараптарынан ауылшаруашылығы бағытын дамытуды, тарифтер бағасын қайта қарауды, қалаға қосылған елді мекендерге жұмыс орындарын ашу мен емхана, мәдениет үйлерін салуды және т.б ұсыныстарды енгізіп, қоғамық бақылауға алатындықтарын жеткізді.

Отырысты Шымкент қаласы қоғамдық кеңестің төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі ӘЛТЕЕВ Бауржан Ілімшеұлы жүргізіп отырды.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.