Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов “Көрме” орталығында азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті бірыңғай қабылдауына 350 азамат жазылып, өтініштерін білдірді.
Тұрғындар жауаптыларға пәтер, жер кезегі, инфрақұрылым және жеке мәселелеріне қатысты түрлі талап-тілектерін жеткізді.
Қаланың прокуратура, полиция өкілдері, әкім орынбасарлары, аудан әкімдері мен басқарма басшылары азаматтардың өтініштерін тыңдап, шешу жолдарын қарастырды.
Тұрғындарға баспанамен, жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту мақсатында қолға алынған мемлекеттік бағдарламалардың жаңа талаптары түсіндірілді.
Шаһар басшысы халықтың өтініштерін мұқият тыңдап, барлық мәселе заң талаптары аясында шешілетінін атап өтті.
“Барлық мәселенің шешілу жолы заң шеңберінде қаралып, тиісті сала мамандарының талқылауымен жан-жақты саралана отырып хаттамаға енгізілді. Хаттамаға енгізілген кейбір сауалдардың шешімін бірден тапсақ, кейбірін іске асыру үшін ұзақ мерзім қажет”,-деді М.Дүйсенбекұлы.
Мұрат Дүйсенбекұлы азаматтар өтініштерінің заң шеңберінде шешілетінін жеткізіп, сала басшыларына бірде-бір өтінішті ескерусіз қалдырмау қажеттігін ескертті.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдан бастап Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов әр айдың алғашқы сәрсенбісі күні «Ашық есік» күні деп белгілеген болатын.
Дәстүрге айналған азаматтарды жеке қабылдау тұрғындар тарапынан да оң көзқарасқа ие болып, бүгінде тұрғындардың басым бөлігі арыз-шағымдарының оң шешілуіне ықпал жасаған қала әкіміне алғысын білдіруде.
Айта кететін жайт, әр айдың алғашқы сәрсенбісінде қала әкімінің азаматтарды жеке қабылдауында қала әкімдігі, басқарма басшылары мен аудан әкімдері, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен аумақтық департамент басшылары азаматтарды жеке қабылдау жүргізеді.