Наурыз айында орталық қызметкерлері 27 347 арыз-шағымды қарады. Оның ішінде 93,5%-ы орындалды. Қалған талап-тілектер жауапты мекемелердің қарауында. Бұдан бөлек, 19 473 мәселе 1 қоңырау шалудан шешілді.
Арыздар көбінесе 109 нөмірі арқылы қабылдануда. Байланыс тетігі арқылы өткен айда 23 178 шағым тіркелді. Қалған арыз-шағымдардар әлеуметтік желілер арқылы жолданған.
Айта кетейік, Шымкент қаласы әкімдігінің ситуатциялық «iKomek» орталығы бірыңғай тегін 109 нөмірі арқылы және арнайы әлеуметтік желілер көмегімен қала тұрғындарына 24/7 тәртібінде қызмет көрсетеді.
Орталық тәулігіне 3000 қоңырау қабылдауға қауһарлы. Қажет болған жағдайда 5000 азаматқа дейін қызмет көрсете алады. Ол үшін 26 қызметкер тәулік бойына жұмыс жасауда.
Жалпы орталық Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өз Жолдауында азаматтардың барлық өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру, қоғамдық диалог орнату, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару қажет деген тапсырмасына сәйкес құрылған болатын. Бүгінде орталықтың қызмет көрсету аясы кеңейтіліп, бұған қаладағы барлық мекемелерді жұмылдырылған.
Орталыққа төменде көрсетілген мәселелер бойынша хабарласып, өздеріңізге қажетті ақпараттарды алуға болады, олар:
• Ауланы абаттандыру;
- Ауланы жарықтандыру;
- Отынмен қамтамасыз ету мәселесі;
- Қаланы сумен жабдықтау;
- Өндірстік жұмыстардан кейін қалпына келтіру;
- Газбен жабдықтау;
- Лифт жұмысы;
- Қалалық жол инфрақұрылымдары;
- Денсаулық сақтау;
- Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау;
- Тұтынушылардың құқықтарын қорғау;
- Қоғамдық көлік;
- ПИК жұмысы;
- Тұрмыстық қалдықтар;
- Су басу;
- Ашық құдықтар;
- ТШК (су,жылу, электр-энергия);
- БЖЗҚ бойынша;
- Білім беру мәселелері;
- Заң және тәртіп және тағы басқа мәселелер бойынша.
«iKomek» орталығына төмендегі байланыс арналары арқылы өтініш қалдыруға болады:
- Қалалық және мобильді операторлардан 109 бірыңғай номеріне тегін қоңырау шалу;
- What’s App: 8 777 7109 109;
- Instagram: @ikomek109.shymkent
- Facebook: IKomek Shymkent