«Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest» фронт-офисі «бір терезе» әдісімен кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетеді.

Орталық 3 бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Мамандар бизнес өкілдеріне кеңес беріп, жобаларды сүйемелдейді, маркетиңдік зерттеулер мен талдаулар жүргізеді.

2020 жылы іске қосылған Фронт-офисте 12 282 консультация, 1 217 жобаларды сүйемелдеу, 539 маркетиңдік қызмет, 14 аналитикалық зерттеу қызметтері көрсетілді.

Фронт-офис дүйсенбі мен жұма күні аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.

Кеңсе мекенжайы: Ерімбетов көшесі, 304Г, «Заңғар» бизнес орталығы.

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.