2023 жылы экология саласында бірқатар міндеттерді орындауды жоспарлап отырмыз деп хабарлайды Ақпараттық коммуникациялық орталығында баспасөз брифитнгін өткізген Шымкент қаласы бойынша экология департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Сәтенов Берік Тұрсынұлы.
Қазіргі кезде Шымкент қаласының атмосфералық ауасының ауасының ластануына «Казгидромет» мекемесінің 6 стационарлық бекеттері арқылы мониторинг жүргізіледі. Ауаның ластануы 4 деңгеймен сипатталады: ластанудың өте жоғары деңгейі, жоғары деңгейі, көтеріңкі деңгейі және төменгі деңгейі. Стандарт индексінің көрсеткіші бойынша қала ауасы 2020 жылдан бері көтеріңкі деңгеймен сипатталып отыр. Бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда 2022 жылы ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациядан асу деректерінің азайғандығын ескеруге болады дейді мегаполистің бас экологы міндетін атқарушы.
Берік Тұрсынұлының айтуынша Ғарыштан жүргізілген мониторинг бойынша 2021 жылы Шымкент қаласының аумағында бей-берекет қоқыс орындарының 47 нүктесі анықталса, 2022 жылы 45 нүктесі анықталып, аудан әкімдіктерімен толық тазалау жұмыстары жүргізілген.
Жалпы, еліміздегі үшінші мегаполисте 2021 жылы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына әкелінген 230,4 мың тонна қалдықтың 27% пайызы қайта өңдеуден өтсе, 185,62 мың тонна бөлігі арнайы орындарға көмуге жіберілген. Ал, 2022 жылы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына әкелінген 225 мың тонна қалдықтардың 30% пайызы қайта өңделіп, 183,25 мың тонна бөлігі көмуге жолданған.
Осы орайда миллионды қалаға айналған үшінші мегаполисте тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыт ашу мәселесі әлі күнге шешімін таппағаны және экология мәселесі бойынша бірінші кезекте тұрғанын байқатады.