Шымкент қаласында 1991-2022 жылдар аралығында сейсмикалық тұрақтылығы 7 баллды құрайтын шамаммен 1900 тұрғын үй салынған.
Ал, 2018-2022 жылдар аралығында сейсмикалық тұрақтылығы 7-8 баллды құрайттын шамамен 458 тұрғын үй салынған.
Шымкент қаласында соңғы жылдары салынған тұрғын үйлердегі 1210 пәтерден кемшіліктер анықталған. Мердігер компаниялар кепілдік мерзіміне сәйкес, анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.
Атап айтқанда: Тұран ш/а 724 пәтерден кемшіліктер анықталып, 698 пәтердің кемшіліктері қалпына келтірілді. 26 пәтер орындалу үстінде. ӘІО-да 165 пәтерден кемшіліктер анықталып, 160 пәтердің кемшіліктері қалпына келтірілді. 5 пәтер орындалу үстінде. Шымкентсити ш/а 321 пәтерден кемшіліктер анықталып, 312 пәтердің кемшіліктері қалпына келтірілді. 9 пәтер орындалу үстінде.
Осы мақсатта тұрғын үй құрылысы мен сапасын жақсарту үшін тапсырысшы мен мердігер мекеме арасындағы келісім шартқа 43 қосымша талап енгізілді
Яғни, құрылыс сапасын жақсарту бойынша тапсырысшы мен мердігер мекеме арасындағы келісім шартты күшейту мақсатында қосымша талаптар енгізілді.
Атап айтқанда, мердігер мекемеге 21 қосымша талап, техникалық қадағалаушыларға 15 қосымша талап, авторлық қадалаушыға 7 қосымша талап.
Сонымен қатар, әр нысанға бекітілген техникалық қадағалаушы санын 3 есеге арттыру, құрылыс барысын тәулік бойы онлайн бақылау, құрылыс-монтаж кезеңінде терезе айналасына қосымша изоляциялық пленка жабыстыру жұмыстары қолға алынды.
Бұдан бөлек тұрғын үй құрылысы бойынша жүйелік өзгерістер енгізілуде.
Олар:
1) Қасбеттерге заманауи материал, фибробетон, композитті панель қолдану;
2) түнгі жарықтандыру шамдарын орнату арқылы түнгі көрнісін көріктендіру;
3) подъездің 1-қабатындағы интерьерді заманауи үлгіде сәнді әрлеу;
4) автоматты суару жүйесін орнату;
5) қабарғаларды газоблок орнына күйдірілген кірпішпен қалау.