Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов коммуналдық қалдықтарды өңдеумен айналысатын кәсіпорын жобасын ұсынған China Railway Construction Corporation қытай компаниясының өкілдерімен кездесті. Инвесторлар қалдықтарды қайта өңдеу арқылы синтез-газ шығаруды көздейді. Қазір қытайлық, испаниялық, германиялық инвесторлар мен отандық компаниялар осы бағытта түрлі ұсыныстарын білдіруде.
Мұрат Дүйсенбекұлы холдинг өкілдеріне мегаполис ерекшеліктерін ескере отырып, қалдықтарды сұрыптау бағытын қарастыруды ұсынды. Компания бір ай ішінде қала аумағында қалдықтарды жою бойынша талдау жұмыстарын жүргізіп, жобаларын пысықтайды. Сондай-ақ, тараптар көлік инфрақұрылымын дамытуға инвестиция тарту мәселесін де қарастырды.