БИЫЛ 72 МЫҢҒА ЖУЫҚ АБОНЕНТ АУЫЗСУМЕН ҮЗДІКСІЗ ҚАМТЫЛАДЫ
Қазіргі таңда қаладағы 81 елдімекеннің 78-іне ауыз су үздіксіз берілуде. Бүгінде Құрсай 1,2-кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам 1,2 және 3-кезек, Еңбекші жаңа құрылыс аудандарына су құбырлары жүргізілуде. Жыл соңына дейін 6 нысан пайдалануға беріліп, нәтижесінде 72 мыңға жуық отбасы сапалы ауыз суға қол жетізеді. Қала халқын тіршілік нәрімен қамту көрсеткіші биыл 98,5% — дан 100% — ға дейін артады.

Сонымен қатар, биыл Тұран ауданы аумағында орналасқан 29 көшеге орташа жөндеу жүргізіледі. Бұл туралы аудан әкімі Боранбай Булатбеков БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеген болатын.
Асфальт төсеу жұмыстары Карл Маркс, Қазығұрт елдімекеніндегі 1, Ақтас елдімекеніндегі 4, Құрсай елдімекеніндегі 13, Агропром, Айкөл елдімекеніндегі 3, Жаңаталап, Агрофирма, Қарасу елдімекендерінде 2 көшеде жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, биыл Құрсай елді мекеніндегі 40 көшеге шағал тас төселетін болады. Олар: Сарыбел, Ұзынағаш, Алтын асар, Қайнарлы, Жетіжар, Шапағат, Жарқайың, Таң атар, Таң атар-1, Таң-атар-2, Таң-атар-3, Таң-атар -4, Таң атар-5, Ханшатыр, Сарғау, Атауы жоқ №1,2,3,4,5,6,7,8 көшелер мен Белбұлақ, Ақтүйесай, Шорнақ, Бабақорған, Қостерек, Жылысай 1/8, Атақорған, Күмістікөл, Киіктау, Қарашығанақ, Ақбата, Ақбата өткелі, Қосқорған, Аққыстау, Қармақшы, Бадам-1, Құрылыс елдімекеніндегі көшелер. Бұл бағыттағы жұмыстар сәуір айында басталады.