Кәсіпкерлер енді барлық қызметтерді бір жерде және бір өтініш бойынша алады. Бүгін Шымкентте кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің көпфункционалды орталығы ашылды. Орталықта кәсіпкерлерге сервистік қызметтерден басқа, заңды тұлғаны тіркеу, жылжымайтын мүлік құжаттарын заңдастыру, лицензиялаудың түрлері, рұқсат беру құжаттары сияқты мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі.
Ашылу салтанатына «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлік Палатасы басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков, «Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қаласы бойынша филиал директорының міндетін атқарушы Қайрат Меңлібеков қатысты.
– Шымкенттегі Кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің көпфункционалды орталығы – елімізде ашылған екінші орталық. Біріншісі жақында Астанада пилоттық режимде ашылған болатын. Болашақта бүкіл Қазақстан бойынша орталық ашу жоспары бар. Кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің көпфункционалды орталықтарын енгізу халықтың кәсіпкерлік сауаттылығын арттыруға, барлық кезеңдерде кәсіпкерлерді кешенді сүйемелдеуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ бір терезе қағидаты бойынша қызметтерді алуға көмектеседі. Бұл жоба «Атамекен» Ұлттық палатасы мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы бірлескен меморандумның аясында және Шымкент қаласы әкімдігінің қолдаумен жүзеге асып отыр, –дейді Т. Нақыпбеков.
Айта кетейік, жаңа орталықта заңды тұлғалар 800-ден астам қызмет түрлерін ала алады. Оның ішінде ЖШС ашу, рұқсат құжаттарын рәсімдеу сияқты мемлекеттік қызмет түрлері де бар. Қызметкерлер кеңес көрсетіп қана қоймай, кәсіпкерлерді Халыққа қызмет көрсету орталығына барудан босатып, қызметтерді өз бетінше қалыптастырады.
«Шымкент келбеті»
Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.