Бұл туралы «Жол актвтері ұлттық сапа орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалының директоры Мұхтар Дүйсембеков мәлімдеді. Осыдан 4 жыл бұрын Шымкент қаласында жылына мыңнан астам ақау анықталса, соңғы 2 жылда бұл көрсеткіш 4 есеге кеміген.
– 2019 жылы тексерілген жолдардан — 750, 2020 жылы — 1186 ақау тіркелген. Ал 2021 жылы — 374, былтыр — 277 ақау шықты. Жол сапасына кәсіби диагностика жасайтын мекеменің арқасында Шымкент қаласында соңғы 4 жылда 355,5 млн теңгенің жұмысы қайта істеліп, 19 техникалық қадағалаушы жауапқа тартылған. Жол салушы мердігерлердің жауапкершігі күшейгенін осыдан байқауға болады, — дейді Мұхтар Дүйсембеков.
Соңғы 4 жылда ұлттық сапа орталығы мамандары 1159 рет тексеріске шыққан. Жаңадан салынған немесе күрделі және орта жөндеуден өткен 714 нысан құрылысы қадағаланған, 4480 сынама алынған. Нәтижесінде 2587 ақау мен кемшіліктер анықтады. «Жол активтері ұлттық сапа ортылығы» халықпен әрдайым байланыста. Бұл бойынша 8 7172 736-736 телефонына еліміздің кез келген аумағынан тәулік бойы қоңырау шалып, өз арыз-шағымдарыңызды қалдыра аласыздар!
Өздеріңізге белгілі, халықпен кездесу барысындағы тұрғындардан түскен шағымдар негізінде шаhар басшысы әрбір нысанды жіті бақылауына алып, тұрғындар және тиісті сала басшыларынан тұратын арнайы топ 2022 жылы құрған болатын. Осылайша, кәсіби «технадзор»-лардан бөлек, Мұрат Әйтенов жұмыс тобымен аталған аудан аумағында құрылысы жүргізіліп жатқан тұрғын үйлер мен инфрақұрылым жүйелерінің жұмыс сапасын бақылауға алған болатын.
Баспанадағы ақауларды анықтауға зерделеу жұмысын жасайтын арнайы топ жүргізген 2022 жылғы бақылаулар нәтижесінде 230-дан астам пәтерде ақаулықтарды анықтап, кемшіліктің 85% мердігер мекеме тарапынан жойылды.