«Ырыс» микроқаржы ұйымы Түркістан облысы бойынша клиенттік базасы ең үлкен қаржылық мекемелердің қатарына жатады. Мемлекеттік бағдарламаларды он жыл бойы жүзеге асырып жүрген ұйымның кәсіпкерлерге қаржылай қолдау көрсетуін жалғастырып келеді. 2019 жылы бір пайыздық «Кәсіпкер ана», «Жас кәсіпкер» бағдарламасы аясында — 54 миллион теңгеге көпбалалы аналар мен жастардың кәсіптерін қаржыландырып үлгерді. Инновациялық жаңа жобалар да қолдауға ие болды.
Миниатюрлық жасыл микрогрин немесе (Microgreen) бүгінгі күні сау тамақ әзірлеудегі негізгі үрдістердің бірі болып табылады. Шындығында, бүгінгі күннің шағын жасыл,жаңа трендттегі өнімі. Қымбат мейрамханаларда олар салаттарға және негізгі тағамдарға қызмет етеді, бұл тағамды сыртынан безендіреді және оның дәмін байытады.
Микрогрин (микрозелень) — салат қоспаларына қосылып жатқан адам денсаулығына пайдалы шөп. Микрогринді негізі үш сатыға бөлуге болады. Пайдалы, дәмді және әдемі. Бірінші санат барлық микрогрин түрлеріне қатысты болса, ал қалған екеуі түрі мен тұқымына байланысты.
Аманат микрогрині – денені тазартады, токсиндерді жояды, асқортуды жақсартады, жаман холестеринді төмендетеді, қан қысымын қалыпқа келтіреді. Құрамында, жоғары сапалы ақуыздар мен майлар, лецитин, кобальт, биотин, каротин болғандықтан, адамның жүйке жүйесін күшейтеді. Сонымен қатар, көздің көру қабілетін жақсартады қартаю үдерісін баяулатады.
Шымкент, Алматы, Астана секілді үлкен қалаларымызда микрогрин қазіргі таңда ресторандарда үлкен сұрасынқа ие. Келешекте дамып келе жатқан Түркістан қаласында да пайда болмақ. Ерсұлтан Әбдіраман (өз күшімен пайдалы микрогриндерді өсіріп, таратып жүр. Енді, Е.Әбдіраманов «Ырыс» микроқаржы ұйымының «Жас кәсіпкер» бағдарламасы аясында жеңілдетілген 2 миллион теңгенің несиесі арқылы, өз бизнесін дамытқысы келеді.
Бұл жобаны алғашқылардың бірі болып қолға алып отырған жас кәсіпкер келешекте республикалық нарыққа шықсам деген ойы бар. Микрогриннің қыр-сырын екі жылдан астам уақытта зерттеп шыққан Ерсұлтанның тіжірибесі де жеткілікті. Өсіріп отырған жасыл шөптерін Шымкент, Алматы қаласынан сұратып жатқан ресторандар да бар екен. Алайда, олардың сұранысын қанағаттандыратын микрогриндері жеткіліксіз.
Шымкент қаласындағы «WOK WOK», «Mozzarella», «Rixos» т.б. қымбат ресторандарда микрогринді салаттарға, тамақтарға пайдаланып жүр. Бұл көкөністердің дәмділігін, денсаулыққа пайдалылығы жайлы адамдар енді біліп келеді. Қымбат ресторандардағы салаттың әдемілігі де осы микрогриндердің арқасында екен.
Айта кету керек Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің тікелей қолдауымен, «Оңтүстік» АИО» мен «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-нің «Кәсіпкер ана» және «Жас кәсіпкер» бағдарламалары аясындағы жеңілдетілген несие жалғасып келеді.
Пайдалы жасыл микрогринге тапсырыс берем деушілерге байланыс: 8747 205 79 32
«Ырыс» МҚҰ» баспасөз қызметі