Түркістан облысы әкімінің орынбасары М.Мырзалиев «Кәсіпкер ана» және «Жас кәсіпкер» бағдарламасы аясында, Түркістан мен Кентау кәсіпкерлеріне қаржылық сертефикаттар тапсырды. «Кәсіпкер ана» мен «Жас кәсіпкер» бағдарламалары өңірімізде әкімшілік тарапынан үлкен қолдауға ие. Сарыағаш, Ордабасы, Бәйдібек және Төлеби ауданының да кәсіпкерлері қаржылық сертификаттардың иесі атанды. Алдағы уақытта басқа аудандардың да кәсіпкерлеріне қаржылық сертификаттар беріледі деп күтілуде.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің кәсіпкерлермен алғашқы кездесуі Кентау әкімшілігінің ғимаратында өтті. Қаржылық қолдау көріп жатқан көпбалалы кәсіпкер ана мен жас кәсіпкерлердің саны алдағы уақытта артып отырмақ.
«Ырыс» микроқаржы ұйымы ұсынып отырған — «Кәсіпкер ана» және «Жас кәсіпкер» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие алған кәсіпкерлер өз кәсіптерін жемісті жалғастырып келеді. Кәсіпкерлердің инновациялық маңызға ие жобалары да жүзеге асып жатқаны қуантады.
М.Мырзалиев Кентау қаласында кәсіпкерлермен өткен арнайы кездесуде мемлекеттік бағдарлама аясында екі миллион теңгенің сертификатын өз қолымен табыстады. Келесі күні Бәйдібек, Ордабасы ауданының кәсіпкерлерімен кездесу өткізді. Бұл кездесудің соңында да М.Мырзалиев кәсіпкерлерге қаржылық сертификаттар табыстады.
Кәсіпкерлермен кездесуде «Оңтүстік» АИО» төрағасы Қ.Бәйтөре мен «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-нің директоры Д.Арынғазин баяндама жасап, кәсіпкерлердің түйіткі сұрақтарына жауап беріп отырды. Кейіннен мәселенің жалғасы осы мекеменің ғимаратында шешіліп те жатты.
Түркістан облысы әкімшілігінің тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Кәсіпкер ана» бағдарламасы көпбалалы аналарға үлкен қолдау деуге болады.
Жиынға қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімі, ҚР ҰҚП «Атамекен» Кентау қаласының филалы, Кентау қалалық кірістер басқармасы басшылары да қатысты.
М.Мырзалиев жиын соңында келген кәсіпкерлердің өзекті сұрақтарына жауап беріп, қысқа мерзімде нақты шешімдер қаралатын қадап айтты. «Өңіріміздің кәсіпкелері құжаттарға уақыттарын босқа жоғалтпайтын болады. «Экокәсіпке» жағдай жасауымыз керек. Құжаттардың жасалу уақытын, көлемін азайтатын боламыз» деп, келген кәсіпкерлерге рахметін айтып, жиынды қортындылады.