Теміржол вокзалының ғимаратын реконструкциялау жұмыстары қазір қарқынды жүргізілуде. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов жауаптылармен бірге қайта құру жұмыстарының барысын қадағалады.

Халық санының жылдан-жылға артуы мен қалаға келетін туристердің көбеюі жұмыс жүктемесін арттырып қана қоймай, сервистік қызметті жақсартуды талап етуде қазіргі уақытта.

Реконструкциялау жобасына сәйкес, теміржол вокзалының аумағы 2249,33 шаршы метрге ұлғаяды. Ғимараттың жолаушы өткізу қабілеті қазір сағатына 2 мың адамды құрайды. Қайта құрудан кейін вокзал сағат сайын 6 мың адамға дейін қамти алады. Сондай-ақ жобада ғимараттың екінші кіреберісі, яғни жолаушыларға жайлы қызмет көрсететін заманауи талапқа сай екі күту залы қарастырылған. Вокзал ғимаратының қасбеті мегаполистің сәулеттік келбетіне сай жабдықталып, шыны витражды жүйелерден және металл кассеталардан жасалады.
Шымкент қаласында теміржол вокзалының ғимаратын реконструкциялау жұмыстары қазір қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Құрылыс жұмыстары 5 кезең бойынша жүргізіледі. Қазір бірінші, екінші қабаттың демонтаждау жұмыстары басталды. Вокзал ғимараты республикалық маңызы бар қалаға сай қайта құрылып, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Айта кетейік, қалада құрылыс жұмыстары жүргізуде жеке инвесторлар есебінен жүргізілуде . Құрылыс жұмыстарына 120-150 адам тартылуда.

 

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Banner Content

0 Comments

Leave a Comment

This is a Sidebar position. Add your widgets in this position using Default Sidebar or a custom sidebar.