Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен бүгін Арыс қаласында кәсіпкерлермен шұғыл кездесуі өтті. Жинынға келген кәсіпкерлер «Оңтүстік» АИО» мен «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-нің жеңілдетілген несиелерімен танысып, қысқа уақытта қаржылай қолдау табады.
Енді, Арыс қаласының кәсіпкерлері Түркістан облысы әкімшілігі қаржылай қолдауында, қамқорында болады. Бүгінгі өткен жиында өңір басшысы Ө.Естайұлы мен орынбасары Мейіржан Мырзалиев өзекті сұрақтарға жауап берді. Жиын соңында арыстық кәсіпкерлер «Оңтүстік» АИО» мен «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-нің қызметкерлерімен пікір алысып, қажетті көмектерін қалай алуға болатыны жайлы да тыныс болды.
Түркістан облысының экономикасының дамуына кәсіпкерлердің үлкен үлесі бар. Егер де ауылдық, аудандық кәсіпкерлердің кіші және орта бизнестерін дамытуға көмектер жеткіліті болған жағдайда, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық даму жолы жоғарлайтыны анық. Яғни, ауылдық өңірлердегі халықтың да әл-ауқаты жақсарып, өмір сүруге қолайлы бола бермек.
Қазіргі таңда, Түркістан қаласымен қатар ауылдық жерлеріміз де қарқынды дамып келеді. Басты мақсат халықты аяққа тұрғызу. Әр отбасының тұрмыстық жағдайын жақсарту.
Арыс қаласының кәсіпкерлерін қолдау мақсатында «ҚАМҚОР» бағдарламасы арнайы жүзеге аспақ. Бағдаралама – жылдық мөлшерлемесі 1 пайыз, 60 айға, 6 ай жеңілдік, 5 миллион теңгеге дейін кепілсіз алуға болады. Жалпы, арыстық кәсіпкерлерге арналған бағдарламаға мемлекет тарапынан екі мекеменің бюджетіне 200 миллион теңге бөлінген. Алдағы уақытта жүзеге асыруға жоғарыдағы екі мекеменің қызметкерлері кіріспек.
Бүгінгі жиын соңында «Ырыс» микроқаржы ұйымының арнай қаржылық сертификатын арыстық үш азаматқа берілді. «Қамқор» бағдарламасы аясында – Қайнар Қалыбаев «жылықы басын көбейтуіне» 5 миллион теңге, «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша Шолпан Садықова «дәріхана ашуға» 2 миллион теңге және «Қамқор» бағдарламасы аясында Күлзейнет Садықоваға «ІҚМ басын көбейтуге» 5 миллион теңгенің сертификаты табысталды.
«Қамқор» бағдарламасы аясында арыстық 7 кәсіпкер несие алып үлгерген. Алдағы уақытта өтініштерді тастаған 200-ден астам кәсіпкердің құжаттары толық тексерілетін болады.