Бозарық – Шымкент қалалық әкімдігіне қарасты ауыл, ауылдық округ орталығы. Шымкент қаласынан солтүстікке қарай 10 км жерде, Сайрамсу, Қызылсу өзендерінен тартылған Бозарық өзенінің бойында. Тұрғыны 2,6 мың адам (2003). 1929 ж. Сайрам ауылынан қоныс аударған өзбектер арық қазып, жерді игеріп, егіншілікпен айналысып, 1938 ж. «Бозарық» ұжымшарының іргесін қалады. Тұрғындарының ұлттық құрамы өзбектер – 60% мен әзербайжандар – 40%, 1942 ж. Кавказдан жер аударылғандардың ұрпағы. Ұжымшар негізінде «Жеміс» ӨК, т.б. шаруа қожалықтары құрылды. Бозарықта орта мектеп, клуб, «Ертегі» бала-бақшасы, фельдшерлік-акушерлік пункт, мешіт, т.б. мекемелер бар. Ауылда 2-дүниежүзлік соғыста мерт болған жерлестеріне арнап ескерткіш қойылған.
Бүгінде Қаратау ауданындағы Бозарық саяжайының бірқатар көшесіне асфальт төселуде. Қала әкімі М. Әйтенов Қалқаман, Мамыр, Құдірет көшелеріндегі асфальттеу жұмыстарын пысықтады. Асфальтбетон жабындысы төселетін жолдың ұзындығы 3 шақырымды құрайды.
Жыл соңына дейін жалпы ұзындығы 11,4 шақырымды құрайтын 17 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Асфальттеу жұмыстары Егемен Қазақстан, ПК Асар, Наркеткен, Саяжай, Алмасқылыш, Балқадиша, Айқаракөз, Өскен өнір, Ерлік тау, Көрімдік, Сұлутау, Буғынай. Шидерті, Арғанаты, Бурма көшелерінде атқарылады.
М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға құрылысты өндірістік кестеге сай жүргізіп, сапасыздықты алдын алу бойынша бірқатар тапсырма жүктеді. Көшелерді жол қозғалысына қолайлы етіп, қауіпсізді қамтамасыз етуді ескертті.
Биыл жалпы қаладағы жол жабындысы жағдайын жақсарту мақсатында 243 нысан яғни, 297 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі