Абай ауданы (қаз. Абай ауданы) — Қазақстандағы Шымкент қаласының әкімшілік-аумақтық бірлігі. 1973 жылы 10 сәуірде құрылды, 1996 жылы жойылды, 2004 жылы қалпына келтірілді. Шымкент қаласы Абай ауданы шекарасы, қолданыстағы «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік — аумақтық құрылымы туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңдары және Шымкент қаласы әкімдігі мен Шымкент қалалық мәслихатының 22.10.2004 ж. №11/108-3е және 21.10.2004 ж. №3180 санды шешімдерімен құрылған.
Абай ауданы Шымкент қаласының батыс бөлігінде орналасқан және 49 704 га жерді алып жатыр.
2023 жылы жаңартылған ақпараттарға сүйенсек, аудан тұрғындарының жалпы саны қазіргі уақытта – 322 911 адамды құрайды екен .Еске сала кетейік, Абай ауданының ұлттық құрамы (2019 жылдың басындағы статистикалық көрсеткіштерге сенер болсақ былай болған екен):
қазақтар — 200 382 адам (69,24 %)
өзбектер-53 979 адам (18,65 %)
орыстар — 17 593 адам (6,08 %)
әзірбайжандар-9 028 адам (3,12 %)
татарлар — 2 176 адам (0,75 %)
түріктер — 1 071 адам (0,37 %)
ұйғырлар — 1 051 адам (0,36 %)
корейлер-930 адам (0,32 %)
қырғыздар-927 адам (0,32 %)
украиндықтар-332 адам (0,11 %)
шешендер — 259 адам (0,09 %)
парсылар — 239 адам (0,08 %)
немістер — 206 адам (0,07 %)
гректер — 139 адам (0,05 %)
тәжіктер — 136 адам (0,05 %)
күрдтер — 133 адам (0,05 %)
башқұрттар-80 адам (0,03 %)
басқалары-726 адам (0,25 %)
Барлығы-289 387 адам (100,00 %)
Абай ауданына қарасы , Самал- 3 шағын ауданына бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов барып, шағын аудан тұрғындарымен кездесіп, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап қайтқан болатын. Сонымен қатар, Мұрат Әйтенов Самал-3 шағын ауданындағы Ізгілік көшесінен Юсупов көшесіне дейінгі аралықтағы Тыңдала көшесінде жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстарымен танысты- деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі. Асфальт жабындысы төселетін көше ұзындығы 2,2 шақырымды құрайды.
Сонымен қатар, Қазақ ордасы, Алмалы бақ және Мәңгілік ел көшелерінде жол құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Жалпы биыл Самал-3 шағын ауданында 25,2 шақырымды құрайтын 14 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған. Жол құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес іске асырылуда.
Айта кетейік, шағын ауданда 2025 жылға Төлепбергенов, Алтынбастау, Ештай ата, Арайтаң, Әлменов, Ақтасты, Тәуекел хан көшелерін орташа жөндеу жұмыстары жоспарлануда.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі