Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданына қарасты Самал-3 шағынауданына барды. Мұнда Мұрат Дүйсенбекұлы шағын ауданның А.Әбдраманов көшесінде жаңадан бой көтерген балалар ойын алаңшасының құрылыс барысымен танысты. Мердігер мекеме “Ынтымақ Бес Арыс” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан салынып жатқан ойын алаңшасы мемлекет қаржысы есебінен 23,5 миллион теңгеге тұрғызылуда. Мекеме басшысына құрылыс жұмыстарын кестеге сай уақытылы тапсыруды жүктеді.
Одан бөлек Абай ауданы аумағындағы 14 мекенжайда балалар алаңшасы және 3 шағынауданда спорт алаңшасы орнатылуда.
Айта кетсек, Самал-3 шағын ауданында бүгінде 27 мыңнан аса халық тұрады. Жалпы шағын аудан 100 пайыз ауыз су, электр жарығы, табиғи газбен, талшықты интернетпен қамтылған, сондай-ақ биыд 14 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Абай ауданы (қаз. Абай ауданы) — Қазақстандағы Шымкент қаласының әкімшілік-аумақтық бірлігі. 1973 жылы 10 сәуірде құрылды, 1996 жылы жойылды, 2004 жылы қалпына келтірілді. Шымкент қаласы Абай ауданы шекарасы, қолданыстағы «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік — аумақтық құрылымы туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңдары және Шымкент қаласы әкімдігі мен Шымкент қалалық мәслихатының 22.10.2004 ж. №11/108-3е және 21.10.2004 ж. №3180 санды шешімдерімен құрылған.
Абай ауданы Шымкент қаласының батыс бөлігінде орналасқан және 49 704 га жерді алып жатыр.
2023 жылы жаңартылған ақпараттарға сүйенсек, аудан тұрғындарының жалпы саны қазіргі уақытта – 322 911 адамды құрайды екен .
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі