Абай ауданы Шымкент қаласының батыс бөлігінде орналасқан және 49 704 га жерді алып жатыр.
Аудан тұрғындарының жалпы саны – 322 911адам.
Аудандағы 453 көпқабатты тұрғын үйлер 258 аулаға біріктірілген.
Өткен 10 жылда 219 аулаға балалар ойын алаңшалары мен 50 спорт алаңшасы орнатылған болатын.
2019 жылы аудан аумағында мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында 45 аулаға балалар ойын алаңшалары орнатылды.
2020 жылы 41 аулаға балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстарын, 8 спорт алаңшасын салу жұмыстары жоспарлануда – олар:
Құрсай шағын ауданы «Еркеназ» балабақшасының жаны;
— Қазығұрт шағын ауданы Ақжар көшесі;
— Қазығұрт шағын ауданы Тлеулес көшесі;
— Ақтас-1 шағын ауданы;
— Жайлау шағын ауданы Тауасаров көшесі;
— Ынтымақ шағын ауданы Есенов көшесі;
— Тәуелсіздікке 20 жыл елді мекені;
— орталық аумақтағы көпқабатты тұрғын үй ауласы (Республика №16).
Сонымен қатар, 24 спорт алаңшаларының жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілетін болады.
Бүгінде Қайнарбұлақ тұрғын алабы маңында «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриялық аймағын құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов 132,9 гектарды алып жатқан индустриялық аймақта атқарылып жатқан жұмыс барысын қадағалады- деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Мұнда бүгінде 13,5 шақырымдық ауыз су жүйелерінің құрылысы 85%, электр және табиғи газ желісімен қамту жұмыстарының көлемі 88% орындалған. Ал жобада қаралған 2 шақырым жолдың қазіргі таңда 1 шақырымы салынып, 7,9 шақырымдық ішкі орам жолдардың жартысына жуығының құрылысы аяқталған. Сондай-ақ кірме, қоршау, әкімшілік ғимараты бойынша жоба әзірленуде.
Аталған индустриялық аймақты жыл соңына дейін іске қосу жоспарлануда.
Индустриялық аймақта алдағы уақытта тамақ өнеркәсібімен айналысатын жалпы құны 73,9 млрд теңгені құрайтын, 1000-нан астам жұмыс орнын қамтитын 30 жоба жүзеге асырылады. Оның ішінде жалпы құны 25,7 млрд теңгені құрайтын, 560 жаңа жұмыс орнын қамтитын инвестициялық жобалар қолға алынады.
М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға ең алдымен сапаны бақылап, кәсіпорындарға қолайлы жағдай жасау бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі