Бүгінде аудан аумағындағы көпқабатты 926 көпқабатты тұрғын үйдің 857-сі орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Үйлерді жылу маусымына дайындау бойынша «Қуатжылуорталық-3» МКК-мен және аудан аумағындағы 7 сервистік қызмет көрсететін мекемелермен бірлесе арнайы іс-шара жоспары бекітілген.
Осыған дейін көпқабатты 857 тұрғын үйдің 531-не сығымдау жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда дайындық көрсеткіші 62%-ға жетіп отыр.
Өз кезегінде тұрғындар үйдегі жылыту қондырғылары мен қазандықтарының техникалық жай-күйін алдын-ала тексеріп, жөндеу, сығымдау жұмыстарын жүргізуі қажет.
Тұрғындар 15-қыркүйекке дейін сығымдау актісін тапсыруы тиіс. Акт тапсырылмаған жағдайда жылу берілмейтінін ескертеміз.
Үйлер тұрғындардың өзінің есебінде болғандықтан сығымдау жұмыстары өздерінің құзырына кіреді. Барлық көпқабатты тұрғын үйлердің үй төрайымы не болмаса жауапты адамы болуы керек. Солардың келісімшартымен сығымдау жұмыстары жүргізіледі. Кейбір үйлердің жауапты адамдары жоқ. Сол себептен жүргізілмей қалып кетеді.
Қазіргі таңда Әл-Фараби ауданы аумағында кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші жүйеде 92,5% құрайды.
Сонымен қатар, 2024 жылдың жоспарында «Сәуле», «Ақтас-2», «Көркем», «Береке» шағын ауданына кәріз жүйесін жүргізу үшін жобалық сметалық құжат энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тарапынан әзірлену жоспарлануда.
Бүгінгі күні тұрғындар тек сығымдау жұмыстарына ғана тапсырыс береді. Жөндету жұмыстарына сұраныс төмендеу. Ұйымдастыру жағы өз тараптарынан болуы қажет.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі