Бүгінде мемлекеттік бюджет есебінен Ақжайық шағын ауданында 5 қабатты 26 тұрғын үйдің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жоспар бойынша биылғы жылы қалалық құрылыс басқармасының тапсырысымен көпқабатты 35 тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған.
Қазіргі таңда арнайы бригадалар 58,1 мың шаршы метрді алып жатқан 780 пәтерлі тұрғын үйлердің негізін бетондау жұмыстарын атқаруда. Өндірістік кестеге сәйкес жыл соңына дейін ғимараттар қаңқасы көтеріліп, шатыры жабылатын болады. Құрылыс 2024 жылы аяқталып, жаңа үйлер пәтер кезегінде тұрған азаматтарға тапсырылады.
Сондай-ақ қазір Тұран – 2 шағын ауданында 572 пәтерлі 8 тұрғын үйдің, Бозарық шағын ауданында 2198 пәтерлі 54 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
Еске сала кетейік, 2022 жылы Қаратау ауданына қарасты 4000-нан астам үйі бар Ақжайық шағынауданын оптикалық желі арқылы сапалы интернетпен қамту жұмыстары атқарылып, басқармамен жеке инвесторлар тартылған болатын.
Бүгінде «i-LinkNet» ЖШС тарапынан 4000-ға жуық үйге талшықты оптика желісі тартылды. Оның ішінде 200-ден астам үй жоғары жылдамдықты сапалы интернетпен қамтылды. Алайда шағынауданда интернетке қосылмаған үйлердің бар екендігі анықталып отыр.
Сонымен қатар, инвестор Достық шағынауданына да талшықты оптика желісін тарту жұмыстарын жүргізіп, тамыз айында толыққанды сапалы интернетпен қамтуды көздеуде.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі