Сәуле шағынауданы тұрғындарының үш жыл күткен саябағы жақында қолданысқа беріледі. Елдімекен көркін арттыратын, халыққа жанға жайлы демалыс сыйлайтын саябақ құрылысы жүргізілуде.
Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа демалыс алаңының құрылыс жұмыстарымен танысты.
Қазір 2,5 гектарды алып жатқан саябақта көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. 900 шаршы метрге асфальт жабындылары төселіп, 8 мыңнан аса шаршы метрге түрлі өрнектастар орнатылған.
Сондай-ақ, жасанды газондар саябақты әдемі реңке көмкеріп тұр.
Жоспарға сәйкес демалыс орны жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.
Айта кетейік, шағынауданның инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар да жоспарға сәйкес атқарылуда. Мұнда жаңа нысандар да бой көтере бастады.
Қала әкімі жауаптыларға құрылыс жұмыстарын талаптарға, өндірістік кестеге сай атқарып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауда нақты тапсырмалар жүктеді.
Еске сала кетейік, Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының мамандары тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізіп, жалпы 26 мекен-жайға ирригациялық жүйелерді орнату бойынша бюджетке өтінім берілген болатын. Нәтижесінде 19 жоба 24 көшеге (ұзындығы 11,7 км) ирригациялық арықтарды салу бойынша ұсыныс қолдау тапты.
Бүгінгі таңда, мердігер мекеме тарапынан жұмыстардың 85% орындалды. Ал 2023 жылға қалған 7 көшеге ирригациялық жүйелер орнату бюджеттік өтінім қайта ұсынылатын болады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі