Қаламыздағы ірі жол-көлік инфрақұрылымының бірі – Оңтүстік айналма жолы. Айналма жолдың құрылысы Леңгір тас жолынан бастап КХ-15 облыстық маңызы бар автожолына дейінгі аралықты қамтиды. Қала әкімі Ғ. Сыздықбеков нысанда атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Ұзындығы 16 шақырымды құрайтын айналма жол барлық транзиттік көліктерді қала сыртымен жүргізуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, мегаполис көшелеріндегі және қала маңындағы кептелісті азайтып, экологиялық жағдайды жақсартады. Оған қоса, жол бойында орналасқан елді мекендерде шағын кәсіпкерліктің дамуына ықпал етеді деп күтілуде.
Бүгінде Шымкент-Ташкент жолында қиылысатын бөлігінде көпір салынып, жолдың негізі салынған.
Сондай-ақ қала әкімі Қонаев даңғылы жалғасының құрылысымен де танысты. Нысанның 2-кезеңі -Түркістан көшесінен Терешков көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Көшенің жалпы ұзындығы — 1,7 шақырым, көшенің ені 42 метр. Жолдың жүріс бөлігі 6 жолақты. Бүгінде жұмыстардың орындалуы 30%.
Құрылыстың 3-кезеңі Темір жолмен қиылыс құрылысының басынан Дамбовая көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Көшенің жалпы ұзындығы 0,561 шақырым. Көшенің ені 42 метр, жолдың жүріс бөлігі 6 жолақты.
Нысанның 5 –кезеңі Бадам өзеніндегі көпірден Сауле шағынауданындағы Әскери бөлімінің тұсына дейінгі аралықты қамтиды. Көшенің жалпы ұзындығы 4,7 шақырым. Көшенің ені 42 метр, жолдың жүріс бөлігі 6 жолақты. Жұмыстардың орындалуы 30%.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі