Бүгін қала әкімінің қатысуымен өткен арнайы жиында жылу маусымының соңғы сатысындағы дайындық шаралары талқыланды. Қазір қаланың 23 бөлек орналасқан жылу қазандықтарынан 20 қысқы маусымға дайын. Қалғандарында тиісті жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Ал Ж.Адырбеков, Т.Орынбаев көшелеріндегі 4,1 шақырым жылу желілерін және 2 сорғы станциясын қайта құру нысаны бойынша орындалғаны бүгінде 3,7 шақырым. Қазір сорғылар нысан басына жеткізілген.
Бүгінде қала аумағында 2 мыңнан астам көпқабатты тұрғын үйдің 93%-ы жылу маусымына дайын. Бұл бағыттағы жұмыстар 1 қазанға дейін аяқталады. Сондай-ақ 464 бюджеттік мекемеде де әзірлік шаралары аяқталып келеді. Инфрақұрылым желілерінің дайындығы да кестеге сәйкес атқарылуда. Ал №1 қазандықтағы жөндеу жұмыстары аптаның аяғына дейін аяқталады.
Жалпы қаланың 2023-2024 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарының барысы қала әкімінің тікелей бақылауында. «Жылу қазандықтарына жауапты әрқайсыңыз тиісті нысандарды аралап, жылу жүйелерін тағы бір тексеріп шығыңыздар. Қандай бар бір өзекті мәселе болса, ашық жеткізу керек.
Әрбіріңізді жүктелген міндеттеріңізге жауапкершілікпен қарауға шақырамын. Халықтың игілігі үшін баршамыз жұмыла жұмыс жүргізейік. Жылу маусымына дайындық жұмыстарын жеке аралап көремін», — деді мегаполис басшысы. Жылу маусымына дайындық шараларына апта сайын тұрақты мониторинг жүргізілуде.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі