Арыс қаласында жуырда 1091 үйдің жұмысы толық аяқталғаны туралы Түркістан облысының әкімінің баспасөз қызметі хабарлама жасады.
Мәлім болғандай 4362 үйдің құрылысы және жөндеу жұмыстары жақын күндері аяқталып қалады деп күтілуде. Сондай-ақ, Арыс қаласында 8409 жеке, 104 көпқабатты тұрғын үй бар. Жарылыс кезінде мүлдем жарамсыз күйге түскені – 186 жеке, 8 көпқабатты үй. Ал зақымдағаны – 7178 жеке, 95-сі көпқаббатты үй. Жалпы 17 сектор бойынша республиканың барлық облыстарынан – 5685, аудандардан 300-ден астам жұмысшы еңбек етуде.
Және де Арыс қаласындандағы 14 мектеп, 2 аурухана, 28 балабақша, бірнеше мемлекеттік мекемелердің ғимараттарына зақым келген. Арыс қаласында 66 әлеуметтік нысанды қалпына келтіру «Самұрық – Қазына» әл-ауқат қорына тапсырылған. Оның 54-і білім нысандары, 8-і денсаулық сақтау, 4-уі спорт нысандары. Әлеуметтік инфрақұрылым бойынша 66 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Мысалы, қаладағы 300-ге жуық кәсіпкерлік нысандар «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен жөндеуден өткізілетін болады. Бұл мекемеге көмекке келген басқа да қаржылық ұйымардың еңбегін атап айтқан жөн. Мысалы, «Даму» қоры, «Оңтүстік» АИО» мен «Ырыс» микроқаржы ұйымдары көмекке келуден шаршаған жоқ. Алдағы уақытта жергілікті тұрғындарға жоғары сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында жаңа аурухана және екі емхана бой көтергелі тұр.